05.06.2025, 17:23 67391
Qarmet экс-қызметкерлері 1 млрд теңге көлемінде қаражат жымқырған
Достарға айту
ІІМ 1 млрд теңгенің ұрлығын әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері "Qarmet" компаниясының және басқа да ұйымдардың бұрынғы қызметкерлерін ұстады.
Олар бір миллиард теңгеге жуық ақша ұрлаған. Қылмыстық схема бойынша аталған топ алдын ала келісіп, компанияның өндірістік қалдықтарын Теміртау қаласы жанында қайта өндеусіз қалдырған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 14 адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.06.2026, 16:33 2346
Алматыда ұрланған көлікті жүргізген мас жүргізуші ұсталды
Достарға айту
Алматыда Бостандық ауданының патрульдік полиция қызметкерлері Тимирязев пен Шашкин көшелерінің қиылысында Kaiyi маркалы автокөліктің жүргізушісін ұстады.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсететін айқын белгілер анықталған. Осыған байланысты ол бірден көлік басқарудан шеттетілді.
Тексеру барысында жүргізушінің бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Сонымен қатар, автокөліктің Наурызбай ауданында ұрланған көлік ретінде іздеуде жүргені анықталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 11:09 4636
ІІМ автокөліктер мен жүктерді тасымалдау кезіндегі алаяқтық жөнінде ескерту жасады
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Соңғы уақытта логистикалық платформалар арқылы автокөліктер мен түрлі жүктерді тасымалдау кезінде алаяқтық фактілері кездесуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскөйлер "Della" және "Fa-Fa.kz" сияқты сервистерді пайдаланады. Көбінесе автокөліктер мен жүктерді Алматы қаласы мен Алматы облысынан еліміздің басқа өңірлеріне жеткізу туралы хабарландырулар орналастырылады", деп мәлім етті ІІМ.
Хабарландыру жарияланғаннан кейін алаяқтар тапсырыс берушілермен және жүргізушілермен WhatsApp мессенджері арқылы байланысады. Тапсырыс берушілерге өздерін тасымалдауды ұйымдастырушы немесе жүргізуші ретінде таныстырса, жүргізушілерге өздерін жүк иесі ретінде көрсетеді. Екі тараптың да сеніміне кіргеннен кейін тасымалдау шарттары жөнінде келісім жасайды. Алматы қаласынан шыққаннан кейін алаяқтар ұрланған автокөлік немесе жүкті басқа көлікке ауыстырып тиеп, оны өз қалауларынша пайдаланады.
Мысалы 7 маусымда Алматы қаласының тұрғыны полицияға өзінің қымбат автокөлігінің ұрланғаны туралы арызданған. Екі күн бұрын белгісіз тұлғалар алдау арқылы оның көлігін иемденіп, 60 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Уақтылы жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті тауып, заңды иесіне қайтарды. Қылмыс жасады деген күдікпен үш адам ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы мен басқа да ықтимал сыбайластары анықталуда.
Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында ІІМ азаматтарға қауіпсіздік шараларын ұстануды ұсынады: жүргізушінің жеке куәлігін және көлік құжаттарын мұқият тексеру; тасымалдаушының телефон нөмірін хабарландыруда көрсетілген нөмірмен салыстыру; жүру бағыты мен жеткізудің соңғы нүктесін алдын ала жеке талқылау; интернеттен тасымалдаушы мен жүргізуші туралы пікірлерді зерделеу.
Құжаттарда сәйкессіздіктер байқалса, күмән туғызатын басқа да жағдайлар анықталса, тасымалдаушының қызметінен бас тартып, бұл туралы дереу 102 нөміріне хабарлау немесе жақын жердегі криминалдық полиция бөліміне жүгіну ұсынылады. Уақтылы қырағылық таныту және полицияға жүгіну қылмыстың алдын алып, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға көмектеседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 19:32 9561
Әл-Фарабидегі адам өліміне әкеп соқтырған көлік оқиғасына кінәлі азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: pexels.com
Достарға айту
Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адамның өліміне себепкер болған жүргізушіге қатысты үкім шығарды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Келтірілген зардаптардың ауырлығын және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісін ескере отырып, сот П.-ға қатысты ең қатаң жаза тағайындауды қажет деп танып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, П. өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылды", - делінген сот үкімінде.
Соттың мәлімдеуінше, жәбірленушілердің төртеуі (қаза тапқандардың туыстары) П.-ға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған. Ал бір жәбірленуші ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабының 4-бөлігі бойынша (алкогольдік масаң күйде автокөлік басқарған адамның жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтыруы) ең қатаң жаза қолдануды талап еткен.
Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады. Қорғаушы тарап оның әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне қайта саралап, ең төменгі жаза тағайындауды сұрады.
Сот шешімімен П. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 14:59 11831
Шымкентте интернет-алаяқтар тобының жолы кесілді
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Шымкент қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскөйлер WhatsApp мессенджері арқылы кең таралған алаяқтық схеманы қолданған. Олар азаматтарға туысы, досы немесе жақын танысы болып хабарласып, түрлі сылтаумен шұғыл түрде ақша аударуды сұраған. Алданған тұрғындар көрсетілген шоттарға қаражат жіберіп отырған.
Жәбірленушілердің бірі - жергілікті тұрғын. Ол өзіне досының атынан шұғыл қаржылай көмек сұраған хабарлама келгеннен кейін, еш күмәнданбастан көрсетілген есепшотқа 3,5 миллион теңге аударған. Кейін алаяқтықтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер алты күдіктіні анықтады. Тінту барысында жалдамалы пәтерден қылмыс жасау кезінде пайдаланылған 19 SIM-карта, 11 телефон және планшет тәркіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 10:06 13641
Ақмола облысында жалпы құны 221 млн теңгені құрайтын вейптерді заңсыз сату арнасы жойылды
Сурет: ҚМА
Достарға айту
ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз өткізумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Заңсыз өнімдерді өткізу әлеуметтік желілердегі интернет-дүкендер арқылы жүзеге асырылып, жеткізу курьерлік қызметпен ұйымдастырылған.
Қатысушылар заңсыз қызметін жасыру мақсатында конспирация шараларын қолданып, ақша қаражатын қабылдау және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлердің қызметін пайдаланған. Қылмыстық табыс көлемі 221 млн теңгеден асып жығылған.
Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі пәтер мен автокөлікке тыйым салынып, күдікті қамауға алынды.
Тергеп-тексеру жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2026, 14:54 27931
Түркияда алаяқтық жасады деген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Түркия Республикасынан Қазақстанға бірнеше алаяқтық қылмыстарын жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам жеткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іздеуде жүрген ер адам Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған.
Оны Қазақстанға қайтаруды ұйымдастыруда ҚР ІІМ-нің Түркия Республикасындағы өкілі мен Қазақстан Республикасының Елшілігі өзара іс-қимыл жасап, елеулі көмек көрсетті. Тергеу мәліметі бойынша күдікті 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынының үш миллион теңгеден астам қаражатын алдап иемденген.
Күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 16:11 36176
ШҚО-да браконьерлер құрықталды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
ШҚО-да қорық аумағында әрекет еткен браконьерлер тобының жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен ҰҚК-нің ШҚО бойынша департаменті қызметкерлері Марқакөл ауданында ауқымды операция жүргізді.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде Қызыл кітапқа енгізілген балық түрлерін заңсыз аулауды кәсіпке айналдырған 23 пен 50 жас аралығындағы алты адамнан құралған қылмыстық топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды. Марқакөл және Урунхайка ауылдарында жүргізілген тінту барысында бағалы балық түрлерінің 700 келіден астамы, оның ішінде ускуч пен хариус балығы, сондай-ақ 200 литрден астам ускуч уылдырығы тәркіленді.
Бұдан бөлек, күдіктілерден пайдалануға тыйым салынған ау құралдары, балық аулау жабдықтары, қысқы балық аулауға арналған құрылғылар, радиостанциялар және оқ-дәрілер алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 14:31 37106
Ағымдағы жылдың бес айында мал ұрлаумен айналысқан 58 топ ұсталды
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі мал ұрлығының алдын алу мақсатында профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін тұрақты негізде жүзеге асыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2026 жылдың бес айында 266 мал ұрлығы фактісі тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға төмен.
Сонымен қатар қылмыстың осы түрін ашу көрсеткішінде оң динамика байқалады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар 258 адам ұсталып, 58 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Ұрланған 1730 бас малдың 1007-сі иелеріне қайтарылды. Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 25 бас ірі қара малдың ұрлану дерегін ашты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өңірдің үш тұрғыны ұсталды. Олар түнгі уақытта жүк көлігін пайдаланып, жайылымнан мал ұрлап, кейін оның бір бөлігін делдалдар арқылы сатып жіберген.
Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған мал заңды иесіне қайтарылды.
Ішкі істер министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін малды қараусыз еркін жайылымға жібермеуге, оны уақтылы таңбалап, мал жоғалған жағдайда полицияға дереу хабарлауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.06.2026, 09:45Мемлекет басшысы Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан жерлестерімізбен кездесті 23.06.2026, 10:30 41691Әлеуметтік желілерде алауыздықты қоздырғаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына қарастырыған - ҚР Бас прокуратурасы23.06.2026, 11:47 37531Қазақстан "Бір белдеу, бір жол" бастамасын дамытудың жаңа бағыттарын ұсынды23.06.2026, 12:04 37046ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды23.06.2026, 12:15 36221Жәннат Дүбірова Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметінен босатылды
18.06.2026, 10:34 157786Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады17.06.2026, 17:32 152121Emirates әуе компаниясы Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты19.06.2026, 19:07 148756Қазақстан Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген аса маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіреді және өңдейді19.06.2026, 18:40 148601Қызылорда қаласында бес елді мекеннің әкімдерін сайлау өтеді19.06.2026, 16:49 147381Халықаралық ықпал және цифрлық жаңғыру: Қазақстан саясатының жаңа басымдықтары
06.06.2026, 12:47 177186Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде05.06.2026, 21:54 171941СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты25.05.2026, 14:54 166091Vietjet Алматыдан Хной мен Прагаға 185 000 теңгеден басталатын бағамен рейстерді іске қосады01.06.2026, 21:07 162171Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Дәстүр HUB" шығармашылық кеңістігі ашылды18.06.2026, 10:34 157786Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады

