12.01.2026, 19:12 33331
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президентке ведомствоның 2025 жылы атқарған қызметінің басты нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жанат Элиманов 1135 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірленушілерге 141,5 миллиард теңге өтелгенін баяндады. 128 миллиард теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айырбастаумен шұғылданған 15 қылмыстық топ пен 29 алаңның көзі жойылды. Есірткі сатудан және алаяқтық жолмен тапқан ақшаны жылыстатқан 22 астыртын криптоалмасу қызметіне тосқауыл қойылды. Есірткі табысын заңдастыруға қатысы бар 1,1 мыңнан астам заңсыз онлайн криптовалюта айырбастау қызметі мен 20 мың дроп‑карта бұғатталды.
Мемлекет басшысына қаржы секторында заңсыз кірісті жылыстатумен айналысты деген күдікке іліккен 2 мың компаниямен және 56 мың адаммен іскерлік қарым-қатынас тоқтатылғаны туралы айтылды. Бұдан бөлек, 53 инфрақұрылымдық жоба бойынша 264,2 миллиард теңге бюджет қаржысын негізсіз шығындауға, тауар биржасы басшылығының 2 миллиард теңге заңсыз сыйақы алу схемасына тосқауыл қою арқылы әлеуметтік маңызы бар көмір бағасының спекулятивтік өсуіне жол берілмеді. Агенттік қызметкерлері контрабандалық жолмен шетелге 102 мың тонна бензин шығару әрекетін әшкерелеп, жанар-жағармай тапшылығының алдын алды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықты онлайн-казинолардан сақтандыру шаралары жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, төлем қызметтерін ұсынатын 35 ұйымның көмегімен 2,1 триллион теңге қаражат заңсыз айналымда жүргені анықталды. Табиғи ресурстарды барлау жұмыстарын атқармаса да, 437 жер қойнауын пайдаланушыға 625 жер телімін беру, сондай-ақ 382 мың тоннадан астам заңсыз өндірілген пайдалы қазбаны шығару фактілері тіркелді.
Сонымен қатар МӘМС жүйесінде көрсетілген қызметтердің санын қолдан көбейту, соның ішінде қайтыс болған адамдарға жалған медициналық көмек көрсету арқылы 26 миллиард теңге шығын келтіру фактісі мәлім болды.
Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
19.06.2026, 09:58 1671
Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Вьетнам Социалистік Республикасы шетел азаматтарының елге кіру рәсімдерін жеңілдету мақсатында "Алдын ала ақпарат ұсыну жүйесін" (Pre-arrival Information - PAI) пилоттық режимде іске қосқанын хабарлайды.
Аталған жүйе шетел азаматтарына Вьетнамға сапар алдында қажетті ақпаратты онлайн режимде алдын ала ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде шекаралық бақылаудан өту уақытын қысқартуға және әуежайлардағы жолаушылар ағынын оңтайландыруға бағытталған.
PAI жүйесі қазіргі уақытта Таншоннят халықаралық әуежайында пилоттық режимде жұмыс істейді және алдағы уақытта Вьетнамның Нойбай, Дананг, Камрань және Фукуок халықаралық әуежайларында, сондай-ақ мемлекеттік шекарадағы басқа да өткізу пункттерінде кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда.
СІМ PAI жүйесі Вьетнамға кіру үшін міндетті талап болып табылмайтынын және виза рәсімдеу функциясын атқармайтынын атап өткен жөн. Жүйе тек сапар туралы ақпаратты алдын ала ұсынуға арналғандығын айтып өтті.
Вьетнам билігі шетел азаматтарына тіркелуді тек ресми портал арқылы жүзеге асыруды және жалған интернет-ресурстардан сақ болуды ұсынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 09:30 2336
Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және бейінді ұйымдардың өкілдері қатысатын арнайы жұмыс тобын құрды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының қызметін жалғастыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен сарапшылар қауымдастығы және үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңесте сарапшылар мен бейінді институттар жүйені жаңғыртуға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық тәсілдерді ұсынды.
Атап айтқанда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры медианалық жалақыға қатысты орташа айлық табыс пен жүйеге қатысу еңбек өтіліне негізделген әлеуметтік зейнетақы төлемі жүйесін енгізу тәсілін ұсынды. Бұл модель тек жинақтаушы жүйеге тән тәуекелдерді азайтып, төлемдердің ынтымақтастық және болжамдылық қағидаттарын енгізуге бағытталған.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс беруші жарналарының 4%-ын азаматтың жеке зейнетақы шотына, ал 1%-ын ынтымақты (сақтандыру) құрамдас бөлікке аударуды көздейтін модельді таныстырды. Бұл шешім азаматтарға өмір сүру ұзақтығына қарамастан өмір бойы қаржылық қолдау көрсетіп, ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты төлемдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Нұғмановтың ұзақ жылдар бойы еңбек еткен азаматтарды қолдауға бағытталған ұсынысы да талқылануда. Атап айтқанда, 40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар үшін, әсіресе бюджет саласы қызметкерлеріне қатысты, зейнетке шығу уақытын икемді реттеу мүмкіндігін қарастыру ұсынылған.
Аталған тәсілдерді талқылауға беделді сарапшылар, оның ішінде БҰҰ жанындағы Астанадағы мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, сондай-ақ Болат Жәмішев, Ораз Жандосов пен Елена Бахмутова қатысуда.
ЕХӘҚМ-де ұсынылған бастамалардың барлығы қазіргі уақытта талқылау сатысында екенін және консультативтік-ұсынымдық сипатқа ие екенін атап өту керек. Министр Асқарбек Ертаевтың пікірінше, азаматтық қоғам институттарының талқылау процесіне белсенді қатысуы салмақты әрі әлеуметтік бағдарланған шешімдер қабылдаудың маңызды шарты болып табылады. Зейнетақы жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі түпкілікті шешімдер қаржылық тұрақтылықты, әлеуметтік тиімділікті және азаматтар үшін ықтимал салдарды жан-жақты бағалау нәтижелері бойынша қабылданады.
Министрліктің басты басымдығы - азаматтарға зейнет жасына жеткеннен кейін ұзақ мерзімді перспективада лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алатын тұрақты әрі теңгерімді зейнетақы жүйесін қалыптастыру. Түскен барлық ұсыныстардың қаржылық негізділігі, әлеуметтік әділеттілігі және практикалық іске асырылу мүмкіндігі қарастырылады", - деп атап өтті Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры Динара Қайролла.
Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру бойынша кешенді шаралар қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқанын айта кету керек. Атап айтқанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері 10%-ға индекстелді. Сонымен қатар, биыл базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін ұлғайтылды, ал 2027 жылы бұл көрсеткіш күнкөріс деңгейінің 120%-ына дейін жеткізіледі. Бұдан бөлек, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда: 2026 жылы олардың мөлшері қызметкер табысының 3,5%-ын құрайды, ал 2028 жылға қарай 5%-ға дейін ұлғайтылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 19:35 15656
Алматыда МАГАТЭ-нің зерттеу реакторлары жөніндегі халықаралық конференциясы өтеді
Достарға айту
Алматыда 2028 жылы Халықаралық атом энергиясы агенттігі ұйымдастыратын зерттеу реакторларына арналған халықаралық конференция өтеді. Іс-шараның негізгі алаңдарының бірі Ядролық физика институты болады. Бұл туралы институттың бас директоры Саябек Сахиев журналистерге арналған баспасөз турында мәлімдеді.
Оның айтуынша, МАГАТЭ мұндай конференцияны төрт жылда бір рет өткізеді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 400 ғалым, маман және сарапшы қатысады.
Қазақстан 2028 жылғы келесі конференцияны өткізуге өтінім берген алғашқы елдердің бірі болды. 26 мамырда МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гросси Астанаға келген кезде Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев тиісті хатты табыстады. Шамамен екі апта бұрын жауап алдық - МАГАТЭ бұл іс-шараны Алматы қаласында, әрине, Ядролық физика институтының базасында өткізеді", - деді Саябек Сахиев.
Институт басшысы конференцияға зерттеу реакторлары саласындағы әлемнің жетекші ғалымдары мен сарапшылары келеді деп күтіліп отырғанын атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінге дейін Қазақстан жаңа зерттеу реакторының жобасы бойынша нақты шешім қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл шешім халықаралық сарапшылармен талқыланып, олардың кәсіби бағасы мен ұсыныстары ескеріледі. Жаңа зерттеу реакторы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулермен қатар жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға да қызмет етеді деп күтілуде.
Болашақта ол тек ғылым үшін ғана емес, радиофармпрепараттар өндіру үшін де жұмыс істеуі керек. Тіпті Қазақстанда микрочиптер мен жартылай өткізгіштер өндірісін дамытуға да мүмкіндік беруі мүмкін", - деп қорытындылады бас директор.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 17:53 17521
Қазақстан заңсыз көші-қонға қарсы іс-шараларды күшейтуде
Достарға айту
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан заңсыз көші-қонды азайту мақсатында қосымша шаралар қабылдап жатқандығы туралы Сенат кулуарында мәлім етті.
Шенген келісіміне қатысушы елдер босқындар санының артып келе жатқандығына байланысты өз шекараларындағы бақылауды күшеуде. Әрине, заңсыз көші-қон мәселесі де бар. Бұл - тиісті мемлекеттердің құқығы, сондықтан олар бақылауды қатаңдатуда", - деді СІМ басшысы.
Министрдің айтуынша, Қазақстан да заңсыз көші-қон деңгейін төмендету және елдегі көші-қон бақылауын күшейту бағытында тиісті шаралар қабылдауда.
Тиісінше, бізде де осындай шаралар қолға алынуда. Біз де заңсыз көші-қон көлемін азайтуға, ал идеалды жағдайда оны толықтай жоюға ұмтыламыз", - деп атап өтті Ермек Көшербаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 16:42 19186
Сот жүйесінің ел дамуындағы маңызы зор - Тоқаев
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғарғы соттарының екінші конференциясына қатысу үшін арнайы келген Әзербайжан Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Инам Керимовты, Қырғыз Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Медербек Сатыевты, Түркия Республикасының Кассациялық сот төрағасы Омер Керкезді, Түркия Республикасының Мемлекеттік кеңес төрағасы Зеки Йигитті, Өзбекстан Республикасының Жоғарғы сот төрағасының бірінші орынбасары Алишер Усмановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы меймандарға ілтипат білдіріп, бауырлас елдер ынтымақтастығын нығайтуда Түркі мемлекеттері ұйымының рөлі айрықша екенін айта келе, қазір көптеген елдер жаһандық технологиялық өзгерістер көшінен қалып қоймау үшін заман талабына қарай қарқынды даму жолына түсіп жатқанына назар аударды.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдердің өкілдеріне соңғы жылдары мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар жөнінде мәлімет бере келе, сот және құқық қорғау саласын реформалау бойынша атқарылған ауқымды жұмысқа тоқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 15:42 20291
Астана медицина университетіне Ұлттық мәртебе берілді
Сурет: @amuedukz
Достарға айту
Мемлекет басшысы салалық жоғары оқу орындарына көрнекті медицина қайраткерлерінің есімін беру туралы бастаманы құптады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Маңдайалды отандық жоғары мектептердің бірі ретінде танылған "Астана медицина университеті" цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицинаны табысты дамытып келеді. Үкімет аталған оқу орнының айқын жетістіктерін ескеріп, ол ең жоғары - Ұлттық университет мәртебесін алуға әбден лайық деп санайды. Бұл ұсынысты қолдаймын. Сонымен қатар астаналық университетке көрнекті ғалым, отандық тағамтану ғылымы мен профилактикалық медицинаның негізін салушы, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімін беру орынды болар еді. Мұның символдық мәні де зор", - деп атап өтті президент.
Ол сондай-ақ, Қарағанды медициналық университетіне осы оқу орнының негізін қалаған әрі оны ұзақ жылдар бойы басқарған Петр Моисеевич Поспеловтің атын беру туралы Үкімет пен медициналық қоғамдастықтың бастамасын қолдайтындығын айта келе, белгілі Қарағанды медицина мектебінің бастауында тұрған әйгілі тұлғаның 125 жылдығы қарсаңында мұндай шешімнің қабылдануы - тарихи әділеттілік екендігін мәлім етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 14:16 22786
Қазақстанда денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіледі
Достарға айту
Мемлекет басшысы Үкіметке бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Елімізде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан аса нысан әлі де қызмет көрсетіп тұр", - деп мәлім етті президент.
Сондай-ақ, елордада және өңірлерде мамандандырылған ғылыми институттар мен көпбейінді ауруханалар, заманауи емханалар және перинатальды орталықтар бой көтеріліп жатқанын атап өтті.
Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының бірінші кезеңі сәтті іске асырылды. 2023 жылдан бастап жаңадан 655 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынды. Биыл 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары аяқталады. Бұл азаматтарды тұрғылықты жерде сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді", -деді мемлекет басшысы.
Ол Үкіметтің бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуы қажет екендігін баса айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 13:43 22321
Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Шын мәнінде, денсаулық сақтау саласында қоғам игілігі үшін адал қызмет етіп жүрген әр қызметкердің еңбегі ерен. Халқымыз сіздерді ең қадірлі мамандық иесі ретінде сыйлайды және құрметтейді. Түптеп келгенде, медицина мамандары еліміздің басты байлығы - азаматтарымыздың денсаулығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Мен Мемлекет басшысы ретінде осы салада табанды еңбек етіп жүрген барша қызметкерге шынайы ризашылығымды білдіремін",- деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңартылған Конституцияда денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше мән берілгенін атап өтіп, алғаш рет ұлт денсаулығы осындай жоғары деңгейде басымдылықпен бекітілді. Бұл азаматтардың өмірі мен әл-ауқатын сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.
Салтанатты рәсім барысында Президент медицина қызметкерлеріне белсенді азаматтық ұстанымы мен қоғамдық маңызы бар шараларға ат салысқаны үшін алғыс білдіріп, елдің дамуы мен қоғам бірлігін нығайтуға қосқан үлестерін жоғары бағалады.
Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы медицина қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.06.2026, 09:30Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды 19.06.2026, 09:58 1641Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды19.06.2026, 10:03 976Орталықазиялық бизнес өкілдері Оңтүстік Африкадағы іскерлік байланыстарын кеңейтуде19.06.2026, 09:44 676Талдықорғанда есірткі таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыптылар құрықталды19.06.2026, 11:15 301Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 255 млн доллардан асты
12.06.2026, 20:00 132641Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады12.06.2026, 15:51 132261Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 21:12 131436Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады12.06.2026, 19:31 129456Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді129081Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
22.05.2026, 20:31 251776Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237476Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207906ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 194981Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194971Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

