11.04.2023, 14:01 58926
Қазақстанға АЭС салу қажет - Сәтқалиев
Сурет: pixabay.com
Достарға айту
Тендерге дейінгі процедуралар жүргізіліп, компаниялар міндетті емес ұсыныстар жіберді
Астана. 11 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің кулуарында Қазақстанға атом электр станциясын салу қажет екенін мәлімдеді.
Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген жауабында Қазақстанға АЭС салу мәселесін жақтап дауыс еруге әзір екенін білдірді.
Бұл мәселеде сөзсіз, диалог жолға қойылады. Парламент алдында есеп беруді жоспарлап отырмыз. Олардың да атом энергетикасы туралы сұрақтары көп. Партия атынан сөйлеп жүрген партиялар да бұл мәселені көтеруде. Бұл диалогты барынша кең ауқымда талқылауға саламыз. Оның ішінде қоғамды, қоғамдық пікір жетекшілерін тартамыз", - деді министр.
БАҚ өкілдері: "АЭС салу мәселесі бойынша референдум өткізу жоспарда бар ма?", - деген сауал қойды.
Бұл жерде заңнама талаптарына қарап шешім шығару керек деп ойлаймын. Атом электр стансасын салудың айқын тәртібі бар, МАГАТЭ-нің талаптары бар. Біздің бұл мәселені сәйкестендіру бағытындағы талаптарымыз бар. Жергілікті әкімдіктерде халықпен талқылау кеңейтілген форматтарда өтеді. Менің жеке пікірім бойынша, референдум халықтың басым бөлігі станса салуды қолдай ма, жоқ па дегенді түсіну үшін қажет. Халықтың пікірін түсінудің басқа да түрлі тәсілдері бар. Халық қарсы болса, салмайтынымыз түсінікті. Халықтың пікірін білу шарасының формасы қандай болатынын, референдум ба, әлде қоғамдық тыңдау бола ма, Парламент отырысы бола ма, оның бәрі тәртіп бойынша реттеледі. Мен АЭС салынғанын жақтаймын. Өз дауысымды осы ұстанымға кез келген формада беруге дайынмын. Фукусима оқиғасынан кейін енгізілген қазір салынып жатқан атом электр стансаларына қойылатын талаптар күшейді", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Бұған дейін Сәтқалиев атом электр станциясын Алматы облысында неге салуды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.06.2026, 15:35 6
Электрондық визадан ЖСН-ға дейін: шетелдіктер арнайы қосымша арқылы көші-қон қызметтеріне қол жеткізе алады
Көші-қон қызметтерінің ауқымын кеңейту мақсатында QazETA мобильді қосымшасы әзірленуде
Достарға айту
Қазақстанда туризмді дамыту үшін шетелдік қонақтардың елге келуі мен Қазақстанда болуының жеңілдетілген тәртіптері қолданылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.
Оның айтуынша, республикада процестерді цифрландырумен қатар көлік қолжетімділігі де белсенді түрде дамып келеді. Сонымен бірге негізгі туристік аймақтарда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Қазіргі таңда 105 елдің азаматтары елшіліктерге жүгінбей-ақ электрондық виза арқылы Қазақстанға кіре алады. Сонымен қатар виза беру де ұйымдастырылған: IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa және туристерге арналған Neo Nomad Visa. Қабылдаушы тарап шетелдік азаматтың келуі туралы хабарламаны онлайн форматта жолдайды", - деп атап өтті Ержан Сәденов.
Сондай-ақ, әуежайларда және ірі шекара өткелдерінде QR-коды бар "туристік карталар" беріледі. Онда елімізде болу ережелері, шұғыл қызметтер мен байланыс операторлары туралы қажетті ақпарат орналастырылған.
Көші-қон қызметтерінің ауқымын кеңейту мақсатында QazETA мобильді қосымшасы әзірленуде. Туристік полиция бөлімшелері 18 аймақтың көрікті жерлері мен ұлттық саябақтарында қызмет атқарады. Қызметкерлер шет тілдерін меңгерген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 14:24 241
Рахымбаев Алматы облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысы болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматы облысы әкімінің өкімімен Айбол Айбекұлы Рақымбаев 2026 жылғы 19 маусымнан бастап Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды әкімшіліктің баспасөз қызметінен.
Айбол Айбекұлы 1991 жылы туған, білімі жоғары, 2012 жылы Халықаралық Бизнес университетін "Экономика" мамандығы бойынша аяқтап, 2024 жылы "Q" UNIVERSITY академиясында "Экономика" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2013 жылы "МФО 1 кредит" ЖШС-ның несие менеджері болып бастаған.
Әр жылдары Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, Экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Жетіген және Энергетический ауылдық округі әкімінің орынбасары, "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ-ның бас маманы лауазымдарын атқарған.
2023 жылдың қараша айынан бастап Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 12:17 2491
Елімізде 180 млрд теңгеге жол бойындағы сервис стансалары салынады
Елімізде жол бойында 250 сервис стансасын салу жоспарлануда
Достарға айту
Үкімет Көлік министрлігі мен "Car Park Transformer" ЖШС арасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жол бойындағы сервис стансаларын салу жөніндегі инвестициялар туралы келісімді мақұлдап, тиісті қаулыға премьер-министр қол қойды. Жобаға тартылатын жеке инвестицияның жалпы көлемі 179,5 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Аталған жоба халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойындағы қазіргі бар демалыс алаңдарында 2030 жылға дейін жол бойындағы 250 сервис стансасын салуды көздейді. Оның ішінде алғашқы 50 нысан биыл салынып, пайдалануға беріледі. Жаңа стансалар санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды, сауда және қызмет көрсету пункттерін, электрлі көліктерге арналған қуаттау стансаларын, күн энергиясын өндіретін қондырғыларды қамтиды. Сонымен қатар жаңа стансалар іргелес аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілген заманауи көпфункционалды кешендер ретінде салынады.
Жобаны жүзеге асыру халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандары желісін кеңейтуге, электромобильдер үшін заманауи инфрақұрылым құруға және көлік саласында экологиялық бағдарланған шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жол бойындағы сервис стансаларының құрылысы жақын маңдағы өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға серпін береді. Жоба аясында 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Бүгінде елімізде халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойында 1 428 сервис нысаны жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2026, 15:07 66061
Бектенов жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына қарсы бақылауды күшейтуді тапсырды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрліктер мен құқық қорғау органдары басшылығының қатысуымен сыртқы факторлардың ықпалын ескере отырып, мұнай өнімдері нарығындағы қазіргі жағдайы бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасыз қызметінен.
Кеңесте жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына қарсы күрес мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен және жеңіл дистилляттарды теміржол арқылы экспорттауға тыйым салынған. Сонымен қатар автокөліктер үшін мемлекеттік шекараны тәулігіне бір реттен артық кесіп өтуге шектеу енгізілген.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы бір айдың ішінде құқық қорғау органдары шамамен 12 тонна жанар-жағармай материалдарының заңсыз шығарылуының жолын кескен. Сондай-ақ жанармай бактары қайта жабдықталған 54 автокөлік анықталып, олардың иелері жауапкершілікке тартылған.
Премьер-министр ішкі мұнай өнімдері нарығының тұрақтылығы стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша Олжас Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтуді және жанармай тапшылығына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қаржылық мониторинг агенттігі мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау схемаларын анықтап, олардың жолын кесуі тиіс.
Ал Энергетика министрлігіне жанармай өндірісі, қоры мен тұтынуын тұрақты бақылауды жалғастырып, қажет болған жағдайда қосымша шаралар ұсыну тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 18:40 118226
Қызылорда қаласында бес елді мекеннің әкімдерін сайлау өтеді
Дауыс беру 21 маусымда өтеді
Достарға айту
21 маусым күні Қызылорда облысында 1 қала, 1 кент, 3 ауыл әкімінің сайлауы өтеді. Атап айтқанда, Арал ауданының Арал қаласы, Жалағаш ауданының Ақсу және Жаңаталап ауылдық округтері, Шиелі ауданының Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округінің әкімдері сайланады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазинформға сілтеме жасай отырып.
Арал қаласында 22989, Ақсу ауылдық округінде 1028, Жаңаталапта 424, Шиелі кентінде 22669, Жиделіарық ауылдық округінде 560 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. Саяси науқанда барлығы 33 учаске жұмыс жасап, 230 комиссия мүшесі сайлаушыларға қызмет көрсетеді. Жексенбіде өтетін 5 округтегі сайлауда 16 кандидат бюллетеньге енгізіледі. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынған. 16 кандидаттың 59-ының сенім білдірілген адамы аумақтық сайлау комиссияларынан тиісті куәлік алды", - делінген хабарламада.
Учаскеге келе алмайтын сайлаушылар 21 маусым күні сағат 12.00-ге дейін өтініш беру арқылы үйден дауыс беруге мүмкіндік алады.
20 маусым - тыныштық күні. Дауыс беру таңғы 07.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 16:49 119551
Халықаралық ықпал және цифрлық жаңғыру: Қазақстан саясатының жаңа басымдықтары
Сурет: Kazakhstan Today
Достарға айту
Қазақстан халықаралық позицияларын нығайту, цифрлық экономиканы дамыту және мемлекеттік институттарды жаңғырту бағытын сақтап отырғанын көрсетті. Негізгі назар сыртқы саяси бастамаларға, жаңа қаржылық құралдарды іске қосуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және инвестициялық дипломатияны дамытуға аударылды. Сонымен қатар, мемлекет әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру мен адами капиталды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырды.
Саясат: институттар мен дипломатия арқылы халықаралық ықпалды күшейту
Кезеңдегі басты саяси оқиға Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құрудың құқықтық рәсімдерінің аяқталуы болды. 17 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы келісім мен орталық қызметіне қатысты меморандумды ратификациялау туралы заңдарға қол қойды.
Жаңа құрылым Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ауғанстанмен жұмыс жүргізеді. Бұл шешім Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды халықаралық алаңдардың бірі ретіндегі позициясын нығайтып, Астананың өңірлік ынтымақтастықтағы рөлін арттыруға ұмтылысын көрсетеді.
Сонымен қатар, дипломатиялық белсенділік жоғары деңгейде сақталды. Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты. Қытаймен, Канадамен, Еуропалық одақ елдерімен және Корея Республикасымен өзара іс-қимыл жалғасты. Қазақстан мен ЕО визалық режимді жеңілдету және реадмиссия мәселелері бойынша келіссөздердің келесі кезеңіне өтті.
Сыртқы саясат инвестиция тарту, сауданы дамыту, көлік бағыттарын кеңейту және технологиялық әріптестікті нығайту сияқты практикалық міндеттерге бағытталып келеді. Экономикалық дипломатия мемлекеттік саясаттың маңызды құралдарының біріне айналуда.
Экономика: цифрлық инфрақұрылым және халықаралық әріптестік
Экономикалық саладағы басты оқиға 19 шілдеден бастап бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесінің іске қосылатыны туралы хабарлама болды. Жаңа инфрақұрылым әртүрлі банктердің клиенттеріне қызмет көрсететін банкке қарамастан бірыңғай QR-код арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді.
Бұл жоба қаржы секторын цифрландырудың кезекті кезеңін аяқтайды. Сонымен қатар 1 мамырдан бастап цифрлық активтер индустриясына арналған заңнамалық базаның қалыптасуы бұл процеске қосымша серпін берді.
Халықаралық экономикалық ынтымақтастық та дамып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 255,1 млн АҚШ долларына жетті. Тараптар азық-түлік қауіпсіздігі, цифрлық технологиялар, логистика және Африка елдерін қоса алғанда үшінші мемлекеттердің нарықтарындағы бірлескен жобалар мәселелерін талқылады.
Ғылыми-технологиялық сала үшін маңызды жаңалықтардың бірі - 2028 жылы Алматыда Халықаралық атом энергиясы агенттігі ұйымдастыратын зерттеу реакторлары жөніндегі халықаралық конференцияның өтетіні туралы шешім болды. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 400 ғалым мен сарапшы қатысады деп күтілуде.
Сонымен қатар Ядролық физика институтының ВВР-К зерттеу реакторының пайдалану мерзімін кемінде 2040 жылға дейін ұзарту жоспарлары жарияланды.
Қоғам: адами капиталға инвестициялар
Әлеуметтік күн тәртібінің негізгі бағыты білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту болды.
Президент Астана медицина университетіне ұлттық университет мәртебесін беру туралы шешімді қолдады. Сонымен қатар оқу орнына көрнекті ғалым Төрегелді Шармановтың есімі беріледі. Бұл мемлекеттің медициналық ғылым мен мамандар даярлауға ерекше көңіл бөліп отырғанын көрсетеді.
Қоғамда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы төлеу туралы шешім кең талқыланды. Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ Олимпиаданың үздік алты спортшысының қатарына енген Надежда Морозова үшін де ақшалай марапат қарастырылған.
Бұл шешімдер адами капиталды дамытуға бағытталған кең ауқымды саясаттың бір бөлігі болып табылады. Мемлекет білім беру, ғылым, денсаулық сақтау және спортты елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторлары ретінде қарастыруда.
Талдау және қорытынды
Кезеңнің басты үрдісі мемлекетті дамытудағы институционалдық тәсілдің күшеюі болды. БҰҰ Өңірлік орталығын құру, экономикалық дипломатияны дамыту, бірыңғай QR-төлем жүйесін енгізу және ғылыми-білім беру жобаларын қолдау бірыңғай жаңғырту стратегиясының құрамдас бөліктері ретінде көрінеді.
Қазақстан халықаралық ынтымақтастықтың өңірлік орталығы ретіндегі позициясын нығайта отырып, экономиканы цифрландыру мен адами капиталды дамыту бағытындағы жұмысты қатар жүргізуде. Сонымен бірге халықаралық байланыстардың басым бөлігі инвестиция тарту, сауданы кеңейту және технологиялық әріптестікті дамыту сияқты қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталып отыр.
Осылайша дипломатия, цифрлық трансформация және білім мен ғылымға салынатын инвестициялар біртұтас даму моделіне айналып келеді. Ал негізгі сын-қатер мемлекеттік институттардың осы бастамаларды тиімді іске асырып, институционалдық шешімдерді тұрақты экономикалық және әлеуметтік нәтижелерге айналдыру қабілетіне байланысты болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 16:14 121821
Солтүстік Қазақстанда Алтын Орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды
Достарға айту
Қозыбаев университетінің ғалымдары мен студенттері Солтүстік Қазақстандағы ежелгі «Ақ-Ирий» қалашығында жүргізілген биылғы археологиялық маусымның жұмыстарын аяқтады. 17 күнге созылған экспедиция барысында көптеген құнды деректер мен тың жаңалықтар жинақталды, деп хабарлайды Қазинформ.
Қоныс Солтүстік Қазақстан облысындағы Долматово ауылының маңында биік үшбұрышты мүйісте орналасқан, үш жағынан 40 метрлік өзен жартастарымен қорғалған, ал екінші жағынан қорған бекіністерімен бөлінген. Ғалымдардың пікірінше, нысан қорғаныс қызметімен қатар діни рәсімдер өткізуге, шаруашылық жүргізуге, сауда қатынастарын дамытуға және шекаралық бақылауды жүзеге асыруға пайдаланылған.
Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, археологтар бұл нысанда 22 жылдан астам уақыт бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы кезеңде өңірді мекендеген тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінен сыр шертетін көптеген құнды жәдігерлер анықталды.
Биыл ғалымдар қалашық аумағынан табылған сүйек пен көмір үлгілеріне жүргізілген радиокөміртектік сараптама нәтижелерін алды. Зерттеу Литваның Вильнюс қаласындағы арнайы зертханасында жүргізілді. Органикалық материалдардың жасын анықтауға мүмкіндік беретін С14 радиоактивті изотопы бойынша жүргізілген сараптама қалашықтың Алтын Орда дәуіріне жататынын растады.
Айта кетейік, «Ақ-Ирий» қалашығы Солтүстік Қазақстанның киелі нысандарының тізіміне енгізілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 14:26 124456
2025 жылы 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді
Достарға айту
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 12,6 млн адам немесе ел халқының 62,4%-ы табиғи газға қол жеткізген. 2025 жылдың қорытындысында 82 газбен жабдықтау жобасының жүзеге асырылуы нәтижесінде 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды. Бір жыл ішінде 2 мың шақырымнан астам газ құбыры салынды. Нәтижесінде, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті. Бүгінде 20,5 млн тұрғынның 13,1 миллионы табиғи газға қол жеткізіп отыр, деп мәлім етті ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев газ саласының қазіргі нәтижелері мен даму перспективалары туралы баяндама барысында.
Оның айтуынша, Қазақстанды газдандыру 2035 жылға дейінгі Бас газдандыру схемасы аясында жүзеге асырылып келеді және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мен өңірлерді дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Биыл республикалық бюджеттен газ тасымалдау жүйесін дамытуға 27,3 млрд теңге бөлінді. Бұл газдандыру деңгейін 64,3%-ға дейін жеткізіп, қосымша 32 мыңға жуық адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Қайырхан Тұтқышбаев.
Магистральдық газ көлігі инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылуда. Вице-министр Қостанай облысында іске асырылып жатқан КС-14 жаңа компрессорлық станциясын және "КС-14 - Қостанай" магистральдық газ құбырын салу жобасы туралы айтты. Жоба астықты терең өңдеу, глинозем мен алюминий өндіру, газ-химия кешені және ыстықтай брикеттелген темір шығару секілді ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды табиғи газбен қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған жоба Қазақстан мен Катар арасындағы үкіметаралық келісім аясында катарлық инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, катарлық инвесторлармен бірлесіп "Бейнеу - Бозой - Шымкент" магистральдық газ құбырының екінші желісін салудың бірінші кезеңі іске асырылуда.
Жыл соңына дейін ұзындығы 1,5 мың шақырым болатын және жылына 10 млрд текше метрге дейін газ өткізуге қабілетті газ құбырының желілік бөлігінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
2027-2029 жылдарға жоспарланған екінші кезең аясында компрессорлық станциялар салынып, газ құбырының өткізу қабілеті жылына 15 млрд текше метрге дейін ұлғайтылатын болады.
Алматы облысы мен Жетісу облысын қосымша газ көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тағы бір стратегиялық маңызды жоба - "Алматы - Талдықорған" магистральдық газ құбырының екінші желісін салу.
Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Оң қорытынды алынғаннан кейін жобаны қаржыландыру және одан әрі іске асыру мәселесі қаралатын болады.
Энергетика министрлігінде атап өткендей, ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, халықты газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және өңірлердің одан әрі экономикалық дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.06.2026, 11:20Halyk және Alatau City Bank Алатау қаласын дамыту бойынша серіктесіп жұмыс істейін болады 22.06.2026, 12:17 2651Елімізде 180 млрд теңгеге жол бойындағы сервис стансалары салынады22.06.2026, 11:52 2606Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 582 млн доллардан асып жығылды22.06.2026, 10:06 2131Ақмола облысында жалпы құны 221 млн теңгені құрайтын вейптерді заңсыз сату арнасы жойылды22.06.2026, 09:42 1826Астана - Қорғалжын тасжолындағы жол апатынан кейін екі көлік өртеніп, бес адам қаза тапты
19.06.2026, 09:58 129801Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды19.06.2026, 09:30 129366Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды19.06.2026, 14:20 124911Үкіметте ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды19.06.2026, 14:26 1246162025 жылы 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді19.06.2026, 16:14 121981Солтүстік Қазақстанда Алтын Орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды
06.06.2026, 12:47 177066Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде05.06.2026, 21:54 171801СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты25.05.2026, 14:54 165966Vietjet Алматыдан Хной мен Прагаға 185 000 теңгеден басталатын бағамен рейстерді іске қосады01.06.2026, 21:07 162036Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Дәстүр HUB" шығармашылық кеңістігі ашылды01.06.2026, 16:33 152601СІМ қазақстандықтарға шетелдегі іс-шараларға қатысу кезінде ұсынымдар берді

