28.07.2021, 20:01 11486
Біз бетперде киюді тоқтаттық: Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы халықтың сақтығының төмендігін атап өтті
Достарға айту
Қызыл және сары мәртебесі бар азаматтар нысандарға баруын жалғастыруда, біз бетперде тағуды, КВИ алдын алудың негізгі шаралары болып табылатын әлеуметтік қашықтықты сақтауды тоқтаттық", - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Осылайша, "Ashyq" қосымшасы арқылы қызыл және сары мәртебесі бар 23 мыңнан астам келуші анықталды, оның ішінде 13 516 ПТР тесттің оң нәтижесі бар науқастар және 9 688 науқаспен байланыста болған адамдар.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазастнада вакцинаның 8,6 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде 1-ші компонентпен 5 230 750 адам егілді, бұл тиісті халықтың 52,8%-ын құрайды. Екінші компонентпен 3 436 617 адам қамтылды.
Бұған дейін Цой Қазақстанның бірқатар аймақтарында ковидтік стационарлар толып кеткенін хабарлаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
11.06.2026, 13:30 4446
СІМ баруға ұсынылмайтын елдерді атады
Достарға айту
Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев баруға ұсынылмайтын елдер туралы жаңартылған ақпаратты жариялады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Африка елдерінде эпидемиологиялық жағдай күрделі. Таяу Шығыстағы қақтығыс баршаға белгілі. Қазіргі уақытта Иранға бару ұсынылмайды. Сондай-ақ Африканың бірқатар елдеріне бармауға кеңес береміз", - деді вице-министр.
Ержан Ашықбаевтың айтуынша, Сыртқы істер министрлігі әлемнің әртүрлі елдеріндегі саяси, экономикалық және табиғи жағдайды тұрақты түрде бақылап отырады. Осы мәліметтердің негізінде мемлекеттік органдар азаматтарға арналған ұсынымдар мен ескертулер жариялайды.
Вице-министр сондай-ақ қазақстандықтарды ел ішіндегі саяхат мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды. Оның айтуынша, бұл Қазақстанның табиғаты мен мәдениетін тереңірек тануға мүмкіндік беріп қана қоймай, туристік саланың дамуына да қолдау көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.06.2026, 12:19 5496
СІМ: қазақстандықтардың АҚШ визасына берген өтініштерінің шамамен 45-46%-ына бас тарту беріледі
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан азаматтарының Америка Құрама Штаттарының визасына берген өтініштерінің шамамен 45–46%-ына бас тарту беріледі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Сенаттағы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Виза беруден бас тарту мәселесіне келсек, бұл - біздің серіктестеріміздің егеменді құқығы. Көп жағдайда ол жеке ақпаратқа қол жеткізуге қатысты мәселелермен реттеледі және жария етілмейді, соның ішінде бізге де хабарланбайды. Сондықтан мұндай бас тартулардың нақты саны туралы айту қиын. Кейбір елдер ғана осындай статистиканы, яғни бас тарту пайызын жариялайды", - деді ол.
Оның айтуынша, әлемдегі жағдай өзгермелі болып қала береді және көптеген мемлекеттер шетел азаматтарының елге кіру тәртібін тұрақты түрде жаңартып отырады.
Ержан Ашықбаев сондай-ақ Қазақстан азаматтарына барған елдердің заңнамасын сақтаудың маңыздылығын еске салды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 18:28 53566
Қазақстан энергетикалық таңдау мен өнеркәсіптік кеңею арасында
Сурет: Kazakhstan Today
Достарға айту
Қазақстан мемлекеттік саясаттың екі негізгі басымдығын - энергетикалық қауіпсіздікті нығайту мен өнеркәсіптік дамуды жеделдетуді сақтап отырғанын растады. Ірі халықаралық келісімдер мен жаңа инвестициялық жобалар мемлекеттің экономикалық өсім мен технологиялық жаңғыртудың ұзақ мерзімді негізін қалыптастыруға ұмтылысын көрсетеді.
Саясат
Қарастырылып отырған кезеңдегі басты саяси оқиға Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу, мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық және достық пен тату көршілік қағидаттарының жеті негізі туралы бірлескен мәлімдемені қамтитын құжаттар топтамасына қол қойды.
Құны шамамен 16,5 млрд доллар болатын "Балқаш" АЭС жобасын практикалық іске асыру кезеңіне көшіру ерекше маңызға ие. Сонымен қатар Қазақстан Қытаймен, Орталық Азия елдерімен және Еуропалық одақпен ынтымақтастықты дамытуды жалғастырып, көпвекторлы сыртқы саясатқа бейілдігін тағы бір мәрте көрсетті.
Сыртқы саяси және экономикалық байланыстарды әртараптандыру бағытының тағы бір дәлелі Кипр президенті Никос Христодулидистің 2-4 маусым күндері Қазақстанға жасаған ресми сапары болды. Екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы Кипр мемлекеті басшысының алғашқы сапары жоғары деңгейдегі келіссөздермен және екі елдің 70-тен астам бизнес өкілдері қатысқан Қазақстан-Кипр бизнес-форумымен қатар өтті. Келіссөздер қорытындысында цифрландыру, жасанды интеллект, білім, ғылым, мәдениет, спорт және іскерлік ынтымақтастық салаларын қамтитын құжаттар топтамасына қол қойылды.
Экономика
Кезеңнің негізгі экономикалық оқиғасы қытайлық Xinfa Group компаниясының қатысуымен Павлодар облысында өнеркәсіптік парк жобасының ілгерілеуі болды. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 15 млрд долларға бағаланып отыр.
Өнеркәсіптік парк бокситтерді өңдеуге, алюминий, электролиттік мыс, кальцийлендірілген сода, көміртекті материалдар, фторхимия өнімдері мен экологиялық таза құрылыс материалдарын өндіруге маманданатын болады.
Бұл жоба Қазақстанның өңдеуші өнеркәсіпті кеңейтуге және шикізат экспортына тәуелділікті азайтуға ұмтылысын көрсетеді. Сонымен қатар жаңа өндірістерді дамыту энергетикалық мәселені шешумен тікелей байланысты. Билік АЭС-ті өнеркәсіптің электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз ететін болашақ негіз ретінде қарастырады.
Қоғам
Осы кезеңдегі әлеуметтік күн тәртібі цифрландыру, технологиялар және энергетикалық қауіпсіздік мәселелерімен байланысты болды.
АЭС құрылысына қатысты қоғамдық талқылаулар жалғасты. Бұл жобаның ашықтығын және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын көрсетеді.
Сонымен қатар билік цифрлық трансформация бағытын сақтап отыр. Жарияланған Цифрландыру жылы жасанды интеллектті, цифрлық инфрақұрылымды және заманауи технологияларды дамытуға деген назарды күшейтіп, оларды экономиканың және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру құралы ретінде қарастырады.
Талдау
Кезеңнің басты үрдісі энергетикалық және өнеркәсіптік саясаттың бірыңғай даму стратегиясына бірігуі болды. Құны 16,5 млрд доллар болатын АЭС жобасы мен құны шамамен 15 млрд долларды құрайтын Xinfa Group өнеркәсіптік паркі іс жүзінде бір экономикалық өсу моделінің өзара байланысты элементтері болып табылады.
Қазақстан жаңа индустриялық орталықтарды құруға, шикізатты ел ішінде терең өңдеуді дамытуға және экономиканың энергетикалық базасын нығайтуға басымдық беріп отыр. Сонымен бірге халықаралық ынтымақтастық барған сайын саяси декларацияларға емес, нақты инфрақұрылымдық және өндірістік жобаларды жүзеге асыруға бағытталуда.
Қорытынды
Қазақстан ірі стратегиялық бастамаларды талқылау кезеңінен оларды практикалық іске асыру кезеңіне көшіп жатқанын көрсетуде. АЭС құрылысы, ірі өнеркәсіптік парк құру және цифрландыруды ілгерілету энергетикалық тұрақтылық, индустрияландыру және технологиялық жаңғырту үйлесіміне негізделген жаңа экономикалық өсу моделінің қалыптасып жатқанын айғақтайды.
Негізгі сын-қатер - аталған жобалардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету және ауқымды инвестицияларды тұрақты экономикалық нәтижеге айналдыру болып қала береді.
Kazakhstan Today
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.06.2026, 18:48 85461
Freedom брендтің ауқымды өзгерісі жайында хабарлайды
Сурет: timurturlov.com
Достарға айту
Freedom Holding Corp. бірыңғай брендке көшетіні жайында хабарлайды. Мұндай шешім біртұтас цифрлық экожүйені дамытудың және топтың бизнесін Freedom жалпы брендімен шоғырландырудың ұзақ мерзімді стратегиясының бөлігі болып табылады. Логотиптердегі "Bank", "Broker" және басқалар сияқты сөз алдындағы қосымшалар қолданылмайды.
Брендтің өзгертілуі топтың нарықтағы бәсекеге қабілетін нығайтуға, көрсетілетін қызметтердің танымалдылығын арттыруға және клиенттер мен серіктестер үшін біртұтас пайдаланушы тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған.
Компанияның ребрендингі шеңберінде топтар Холдингтің филиалдары бар барлық елде бірыңғай визуалды сәйкестікке, бренд сәулетіне және коммуникациялық моделге біртіндеп көшеді.
Бүгінгі таңда Freedom экожүйесі қаржылық, сақтандыру, телекоммуникация, lifestyle және digital қызметтерін біріктіреді. Компанияның клиенттері банктік, брокерлік, сақтандыру, билеттер сатып алу, интернет және e-commerce шешімдері сияқты экожүйенің әртүрлі өнімдерімен күн сайын өзара іс-қимыл жасайды. Клиент үшін бірыңғай брендке көшу әртүрлі қызметтер жиынтығын емес, біртұтас, түсінікті және байланысты экожүйе болуға деген ұмтылысты көрсетеді. Мұндай тәсіл клиентке Freedom-ның барлық өнімін жылдам түсінуге, көрсетілетін қызметтерді оңай танып, игеруге, сондай-ақ оларды өздері үшін ең ыңғайлы және тиімді түрде пайдалануға көмектеседі.
Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры:
Брендтің өзгертілуі - Freedom-ның біртұтас экожүйе ретінде дамуының қисынды жалғасы. Бүгінгі таңда біздің өнімдеріміз бен көрсетілетін қызметтеріміз бір-бірімен жеткілікті түрде біріктірілген және бірыңғай бренд осы байланысты клиент үшін неғұрлым түсінікті әрі танымал етеді. Адам банктік, брокерлік, сақтандыру немесе lifestyle қызметтерін пайдалана отырып, бірыңғай тәсілді, сапа стандарттарын және пайдаланушы тәжірибесін сезінуі тиіс. Біз үшін бұл брендтердің визуалды бірігуі ғана емес, сондай-ақ клиенттің қажеттіліктері төңірегінде цифрлық экожүйе құруға бағытталған стратегияның көрінісі".
Осылайша, бренд өзгертілуі Freedom бизнесінің ауқымын көрсетуге, топтың бағыттары арасындағы бірлесіп атқаратын жұмысты күшейтіп, компанияның филиалдары мен өкілдіктері бар елдерде экожүйенің әрі қарай дамуын қолдауға арналған. Бірыңғай бренд сондай-ақ экожүйені кеңейтуге, оның шетелдегі қызметін күшейтіп, нығайтуға және Freedom-ды жаңа нарықтарда танымал бренд ретінде дәйекті түрде ілгерілетуге негіз жасай отырып, компанияның жаһандық ұмтылысын жүзеге асырудың маңызды элементіне айналуда.
Анықтама:
Freedom Holding Corp. қаржылық қызмет көрсететін, брокерлік қызметпен, бағалы қағаздармен сауда жасаумен, инвестициялық зерттеулермен консультация берумен, инвестициялық банктік және андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен, телекоммуникациямен, әуе билеттерімен, мәдени және спорттық іс-шараларға сатылатын билеттерді онлайн сатумен айналысатын әртараптандырылған компания, ол онлайн супермаркет қызметтерін ұсынады және т.б. Freedom Holding Corp.-тың еншілес компанияларын ескере отырып, 11,3 мыңнан астам қызметкері бар. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және басқаларын қоса алғанда 21 елде орналасқан. Freedom Holding Corp.-тың жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен сауда жасайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.06.2026, 21:07 105236
Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Дәстүр HUB" шығармашылық кеңістігі ашылды
Сурет: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Достарға айту
1 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жаңа шығармашылық алаң - "Дәстүр HUB" салтанатты түрде ашылды.
Жобаның дәл кітапхана базасында жүзеге асуы кездейсоқ емес. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқу мәдениетін дамыту мен оқырман ұлт қалыптастырудың маңызын үнемі атап өтіп келеді. Бүгінде кітап тек білім көзі ғана емес, ойлау қабілетін дамытудың, дүниетанымды кеңейтудің және ақпаратты өз бетінше саралай білудің маңызды құралы саналады.
Шығыс Қазақстанда бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде. Өңірде балалар мен жастардың сапалы білім алып қана қоймай, сыни ойлауға, сұрақ қоя білуге, жауап іздеуге, ұлттық мәдениет пен дәстүрмен байланысын нығайтуға жағдай жасауға басымдық берілген.
Жаңа "Дәстүр HUB" бірнеше бағытты тоғыстырады. Мұнда кітап оқу, шығармашылық, ұлттық мұра және заманауи технологиялар бір кеңістікте үйлесім тапқан.
Кеңістіктің басты нышаны - қазақ халқының мәдениетін айшықтайтын киіз үй. Алайда ұлттық құндылықтар мұнда заманауи форматта ұсынылады. Мультимедиялық технологиялар, интерактивті шешімдер және жасанды интеллект элементтері арқылы келушілер қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрі мен мәдениетін жаңа қырынан танып-біле алады.
Киіз үйдің әр бөлшегі - өзіндік тарих. Арнайы QR-кодтар арқылы қонақтар ұлттық ою-өрнектердің мәні, тұрмыстық бұйымдардың ерекшелігі және киіз үйдің символикасы туралы бейнематериалдарды тамашалай алады.
Ал бұл хабтағы ерекше орын кітапқа берілген. Мұнда әдеби кездесулер, шығармашылық шеберлік сабақтары, білім беру бағдарламалары, ашық пікірталастар мен балалар және жасөспірімдерге арналған интерактивті іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар "Дәстүр HUB" подкасттар жазуға, бейнеконтент әзірлеуге, шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға және заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен қазақ тілін үйренуге арналған алаң болмақ.
Ашылу күні кітапхана аумағы үлкен отбасылық мерекеге айналды. Қонақтар үшін "Көгалдағы оқу залы", "Алтын сақа" ұлттық ойындар алаңы, жас суретшілерге арналған шығармашылық аймақ, тақырыптық фотозоналар, шеберлік сабақтары, интерактивті алаңдар және "Картон қалашығы" ұйымдастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.06.2026, 16:33 107211
СІМ қазақстандықтарға шетелдегі іс-шараларға қатысу кезінде ұсынымдар берді
Достарға айту
Сыртқы істер министрлігі (СІМ) қазақстандықтарға шетелдегі іс-шараларға қатысу кезінде сақталуы тиіс ұсынымдарды жариялады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
2026 жылғы 11 маусым мен 19 шілде аралығында Америка Құрама Штаттарында, Канадада және Мексикада футболдан әлем чемпионаты өтеді. Бұл додаға көптеген шетелдік жанкүйерлер, соның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтары да қатысады", - деп еске салды СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаев.
Осыған байланысты СІМ матчтар мен чемпионат аясындағы өзге де іс-шараларға баруды жоспарлап отырған азаматтарға сақтық шараларын күшейтіп, жеке қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударуға кеңес береді.
Өзіңізбен бірге әрдайым жеке басыңызды куәландыратын құжаттарды немесе олардың көшірмелерін алып жүруді, жергілікті құқық қорғау органдары мен іс-шара ұйымдастырушыларының талаптарын қатаң сақтауды, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды және ресми көлік қызметтерін пайдалануды ұсынамыз", - деді Ерлан Жетібаев.
Сондай-ақ ведомство азаматтарды рұқсат етілмеген жаппай іс-шараларға қатысудан және чемпионаттың ресми аймақтарынан тыс жерлердегі адам көп шоғырланған орындарға барудан сақ болуға шақырды.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, барған елдің жедел қызметтеріне дереу хабарласып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық мекемелерімен байланыста болу қажет", - деп қосты ресми өкіл.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.06.2026, 16:17 107641
СІМ Қазақстан мен шетел мемлекеттері арасындағы жаңа әуе бағыттары туралы мәлімдеді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен шетел мемлекеттері арасындағы жаңа әуе бағыттары туралы айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
2026 жылғы 31 мамырда польшалық LOT Polish Airlines әуе компаниясы Алматы - Варшава бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстерді іске қосты. Жаңа рейс жазғы маусымда аптасына төрт рет, ал қысқы кезеңде аптасына үш рет орындалады деп жоспарлануда. Айта кету керек, әуе компаниясы қазірдің өзінде Варшава мен Астана арасында тұрақты рейстерді жүзеге асырып келеді", - деді СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаев.
Және оның айтуынша, 2026 жылғы 31 шілдеден бастап Измир - Алматы - Измир бағыты бойынша әуе рейсі ашылады. Рейстер осы жылдың қазан айының соңына дейін аптасына екі рет орындалады.
Сонымен қатар, 2 маусымнан бастап Air Astana әуе компаниясы Астана - Ларнака (Кипр) бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Ұшулар аптасына екі рет орындалады. Ал 4 маусымнан бастап Алматы - Ларнака бағыты бойынша да аптасына екі рет қатынайтын тікелей рейстер ашылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.06.2026, 10:25 109011
Қырғыз ғалымы Қазақстан Президентінің "Әке туралы ой-толғау" кітабын жоғары бағалады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қырғызстанның Ош мемлекеттік университетінің ректоры, ғылым докторы, профессор Құдайберді Қожобеков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қырғыз тілінде жарыққа шыққан "Әке туралы ой-толғау" кітабын жоғары бағалады. Бұл туралы Ош қаласындағы Қазақстанның бас консулы Мұхтар Қарібай мәлім етті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Құдайберді Қожобеков "Ғұмыр - дәуір" атты мақаласында ежелден бері бауырлас қазақ және қырғыз халықтарының ортақ тағдыры туралы баяндаған. Ол қазіргі өскелең ұрпақтың екі ел тарихын, мәдениетін, тілін және әдебиетін терең зерделеуінің маңызды екендігін тілге тиек етеді.
Ғалым Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Атам жөнүндө баян" ("Әке туралы ой-толғау") кітабының екі бауырлас халық арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудағы және ортақ тарихи мұраны сақтаудағы маңызын ерекше атап өтеді. Аталмыш кітапта баяндалған жуықтағы оқиғалар, Қырғызстанмен тығыз байланысты бір отбасының қайғылы тағдыры, сондай-ақ белгілі жазушы әрі қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың өмір жолы ешбір оқырманды бейжай қалдырмайтыны сөзсіз.
Әсіресе оның Фрунзеде өткен балалық шағы мен жастық шағы, интернаттағы оқуы, майданға аттануы және отбасының жалғыз аман қалған мүшесіне айналған жас жігіттің күрделі тағдырына арналған жазбалар ерекше қызығушылық тудырады. Автордың пікірінше, Кемел Тоқаевтың жауынгерлік және еңбек жолы, оның тұлға әрі жазушы ретінде қалыптасуы тұтастай бір буынның тағдырын сипаттайды.
Ғалым бұл кітаптың авторы өзінің туған әкесінің тағдыры арқылы тұтас бір дәуірдің шынайы келбетін ашып көрсететінін ерекше атап өтеді.
Ректор сондай-ақ кітаптың Қазақстан мен Қырғызстан жастарын патриотизм, ұлттық сана-сезім және бауырлас халықтардың ортақ тарихи-мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.06.2026, 19:15Қазақстан инвестициялар мен азық-түлік қауіпсіздігі саласында Кувейтпен стратегиялық әріптестікті дамытуға басымдық береді 11.06.2026, 12:45 9866Қазақстан СІМ Дмитрий Харристің азаматтығы туралы ақпаратты тексеріп жатыр11.06.2026, 19:18 9636Халықаралық сауданың тиімділігі мен орнықтылығы - Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің назарында11.06.2026, 14:53 7861Қазақстандағы БҰҰ өңірлік орталығы: жобаларды іріктеуде қандай критерийлер қолданылады11.06.2026, 20:38 7211Астанада Сауд Арабиямен өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
05.06.2026, 17:52 146946Кишиневте Молдова-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңсесі ашылды: экономикалық серіктестікке жаңа серпін05.06.2026, 17:11 145646Токио губернаторы Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде болып қайтты05.06.2026, 21:54 141456СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты05.06.2026, 17:32 138851Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады05.06.2026, 19:53 138586Президент тапсырмаларын орындау: Олжас Бектенов Qyzyljar АЭА-да инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты
13.05.2026, 07:10 289821Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады15.05.2026, 21:02 277536Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды22.05.2026, 20:31 251061Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды15.05.2026, 20:45 243961Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 243341Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті

