24.03.2026, 10:49 5866
Ыстанбұлда Наурыз мерекесі аталып өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ыстанбұл қаласында көктемнің жаңаруын айшықтайтын Наурыз мерекесі Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының қатысуымен жоғары деңгейде аталып өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталып, бауырлас елдердің ынтымақтастығын нығайтуға маңызды үлес қосты.
Мерекелік бағдарламаны қала әкімдігі ұйымдастырып, оған түркі мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері мен мәдени ұйымдары белсенді қатысты.
Салтанатты шара барысында ұлттық дәстүрлер мен салт-сананы танытатын түрлі мәдени бағдарламалар ұсынылды. Қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, сахнада ұлттық әндер шырқалып, би қойылымдары көрсетіліп, көрермендерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Наурыз мерекесі түркі халықтарының бірлігі мен ортақ құндылықтарын дәріптейтін маңызды алаңға айналды. Іс-шара барысында қатысушылар мәдени алмасуды нығайтып, өзара достық байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екендерін білдірді. Бұл мереке ежелден келе жатқан дәстүрлерді жаңғыртып, қазіргі заманмен үйлестірудің жарқын үлгісі болды.
Наурыз мейрамы тек мәдени шара ғана емес, сондай-ақ халықтар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланды. Ыстанбұлдағы бұл мерекелік жиын түркі дүниесінің рухани тұтастығын тағы бір мәрте айқындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
21.06.2026, 14:40 16976
Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады
Достарға айту
22-23 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапар аясында Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жоспарланған.
Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.
Сапар бағдарламасында Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу қарастырылған.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы ірі еуропалық компаниялар жетекшілерінің қатысуымен өтетін "Қазақстан - ЕО" дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар кездесу өткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2026, 18:46 36801
Қазақстан Ауғанстанға дәрігерлер тобы және 319 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Сурет: ҚР Үкіметі
Достарға айту
Қазақстан Ауғанстан халқына жалпы салмағы 318,8 тонна гуманитарлық көмектің кезекті партиясын, сондай-ақ халыққа медициналық көмек көрсету үшін қазақстандық дәрігерлер тобын жіберді. Қазақстандық делегация Кабулға гуманитарлық және іскерлік миссиямен барды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Гуманитарлық жүктің жалпы салмағы - 318,8 тонна. Оның құрамына 1,867 тонна дәрілік препараттар (вирусқа қарсы, гипогликемиялық, гастроэнтерологиялық, жүрек-қан тамырлары, бронходилататорлар және басқа да препараттар) және медициналық бұйымдар, 300 тонна қант, 100 орындық жазғы шатырлар, төсек-орын жабдықтарын және басқа да қажетті заттар кіреді.
Жүктің негізгі бөлігі, 8 вагон, Балх провинциясындағы Хайратон стансасына теміржол арқылы, кейбір дәрі-дәрмектер делегациямен бірге әуе көлігімен жеткізілді. Гуманитарлық көмек жеткізуді KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Қазақстандық делегация құрамында педиатрлар, гастроэнтерологтер, хирургтар, травматологтер және басқа да маман дәрігерлер келді. Олар жергілікті тұрғындарға қажетті көмек көрсетіп, ауған мамандары үшін шеберлік сыныптарын өткізеді.
БҰҰ дерегі бойынша, бүгінде ауғандықтардың 45 млн тұрғынынан 30 млн-ға жуығы гуманитарлық көмекке мұқтаж. 5 жасқа дейінгі 1,3 млн–ға жуық бала дұрыс тамақтанбау салдарынан емге зәру.
Қазақстан – Орталық Азия елдері арасындағы Ауғанстанға гуманитарлық көмектің ірі жеткізушісі. Біздің еліміз жиырма жылдан астам уақыт бойы Ауғанстанға 2021 жылдан бастап тұрақты негізде гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. Кейінгі бес жылда елге ондаған мың тонна ұн мен азық-түлік, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар, шатырлар, тұрмыстық заттар, жылы киімдер және басқа да қажетті тауарлар жіберілді.
Қазақстанның Ауғанстандағы алғашқы гуманитарлық миссиясы 2025 жылғы қарашада өтті. Сол кезде 13 қазақстандық дәрігер он күн ішінде 44 ота жасап, жүзден астам пациентке медициналық көмек көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 21:11 67131
Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымының көлемі 2,4 млрд долларды құрады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Грекия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антония Кацурумен кездесіп, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, Қазақстан-Грекия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
А.Кацуру Министр орынбасарының ағымдағы жылдың сәуір айында Грекияға сапарының негізгі нәтижелерінің бірі - Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грекия үкіметаралық комиссиясының келесі отырысын (ҚГҮК) ұйымдастырудың маңыздылығын көрсету болғанын атап өтті.
Ә.Қуантыров өз кезегінде Министр орынбасары осы жылдың екінші жартысында Афины қаласында өтетін Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грекия үкіметаралық комиссиясының келесі отырысының сәтті өтетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, Қазақстанның Грекиямен серіктестікті одан әрі дамытуға және жаңартылатын энергия көздері, көлік пен логистика, металлургия, агроөнеркәсіп, қалдықтарды қайта өңдеу, фармацевтика, туризм және цифрлық технологиялар сияқты экономиканың басым секторларына грек инвестициясын тартуға мүдделі екенін атап өтті. Осы орайда екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды жандандырып, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. Грекияның Сыртқы істер министрлігінің, грек мекемелерінің, қаржы ұйымдарының және елдегі жетекші компаниялардың өкілдерімен жүргізілген келіссөздердің оң нәтижелері де айтылды.
Талқылау барысында бірқатар басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге екі жақтың мүдделілігі байқалып, елдеріміз арасындағы практикалық бастамаларды ілгерілету үшін берік негіз жасалды", - деп мәлімдеді министрдің орынбасары.
Өткен жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымының көлемі 2,4 млрд долларды құрағанын атап өткен жөн. Сауда-экономикалық қатынастар Қазақстаннан шикі мұнай, полипропилен, ферроқорытпа және жасымық сияқты тауарларды, Грекиядан дәрілік заттарды, топырақты сұрыптауға және ұнтақтауға арналған құрал-жабдықтарды, аминоальдегидті, фенол-альдегидті шайырлар мен полиуретанды, сүтті өңдеуге арналған жабдықтарды және т.б. экспорттауға негізделген.
А.Кацуру грек тарапының Қазақстанмен экономикалық өзара әрекеттесуді нығайтуға және өзара мүдделі салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты экономикалық күн тәртібін ілгерілету және инвестициялық ынтымақтастық бойынша тұрақты диалогты қолдау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 20:54 67911
Қазақстан шетелдік серіктестіктермен экономикалық байланыстарды арттыруда
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстан Бельгия, Ұлыбритания, Өзбекстан және Грекия өкілдерімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады. Тараптар энергетика, көлік, логистика, агроөнеркәсіптік кешен, цифрлық технологиялар және басқа да басым бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Роман Василенко Борис Дильесмен кездесіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, цифрлық және мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін растады.
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясында Ұлыбритания мен Өзбекстан өкілдерімен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, энергетика, көлік, логистика және агроөнеркәсіп салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар Әлібек Қуантыров Грекияның Қазақстандағы елшісі Антония Кацурумен кездесті. Дипломаттар энергетика, көлік, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымы 2,4 млрд АҚШ долларын құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 20:52 67601
Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Сенатының Маршалын қабылдады
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының Маршалы Малгожата Кидава-Блоньскамен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және қос елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланысты кеңейту мәселелері талқыланды.
Әлемдегі экономикасы ірі елдердің жиырмалығына енетін Польшамен ықпалдастықты ілгерілетуге ерекше мән береміз. Мемлекеттеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған сәттен бері шынайы достық байланыстар қалыптасты. Парламентаралық диалог жоспарлы әрі табысты түрде дамып келеді", - деді Мемлекет басшысы.
Әңгімелесу барысында тарихи тамырластыққа айрықша назар аударылды. Президент көрнекті поляк этнографы Адольф Янушкевичтің қазақ тарихын, тұрмысы мен мәдениетін зерттеуге зор үлес қосқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, Польша Президенті Кароль Навроцкийге және Премьер-министр Дональд Тускке ыстық ықыласын жолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 19:38 66631
Ташкентте Қазақстанның шетелдік серіктестермен инвестициялық ынтымақтастығын дамыту перспективалары қаралды
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Өзбекстан Республикасына бесінші Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысу аясындағы сапар барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров шет мемлекеттердің өкілдерімен және іскер топтармен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі, Ұлыбританияның Бизнес және сауда министрлігі мен Қазынашылықтың инвестициялар жөніндегі министрінің орынбасары Лорд Джейсон Стоквудпен өткен кездесуде тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Ағымдағы жылдың маусым айында ратификациялау рәсімі аяқталған Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар энергетика, аса маңызды минералдар, көлік және логистика, қаржы, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары қарастырылды.
Ә.Қуантыров Ұлыбританияның Қазақстанның негізгі инвестициялық серіктестерінің бірі әрі ел экономикасына ірі шетелдік инвесторлардың қатарында екенін атап өтті. Осыған байланысты, Қазақстан экономикасының басым секторларына британдық инвестициялар мен технологияларды тартуға қызығушылық білдірілді.
Сапар аясында сондай-ақ өзбекстандық "BMB Holding" холдингі Құрылтайшылар кеңесінің төрағасы Бекзод Маматқұловпен кездесу өтті.
Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, туризм, тамақ өнеркәсібі, логистика және өзара сауда салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуге қатысушылар стратегиялық әріптестік пен одақтастыққа негізделген қазақ-өзбек қатынастарының жоғары деңгейін атап өтіп, екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың және жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығын жеткізді.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ орнықты дамуға және өңірлік экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін бірлескен жобаларды ілгерілетуге өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 18:21 70986
Қазақстан мен Черногория екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізп, екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғасқан келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Черногорияны Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады. Сонымен қатар ел басшылығының Еуропа Одағына мүше болуды көздеген сындарлы әрі дәйекті саясатына жоғары баға берді.
Президент мырза, Сіз реформаларды ілгерілетіп, Еуропа Одағы мүшелігіне үміткер саналатын Черногорияның позициясын нығайтуда маңызды рөл атқарып келесіз. Осы ұлттық стратегиялық мақсатқа жету жолында табыс тілейміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстанның Черногориямен серіктестік қарым-қатынасты жандандыруға ниетті екенін жеткізіп, соңғы жылдары тұрақты сипат алған жоғары деңгейдегі саяси байланыстардың арқасында ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Подгорицада Қазақстан Бас консулдығының ашылуы Астананың екіжақты байланыстарды барынша кеңейтуге бейіл екенін көрсетеді. Осы орайда Президент елордамызда Черногорияның дипломатиялық миссиясын ашу, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды күшейту жөніндегі қарымта қадамдардың маңызын атап өтті.
Мемлекет басшысы бизнес өкілдерінің бүгінгі кездесуі мен сауда палаталары арасында қол қойылатын Өзара түсіністік туралы меморандум іскерлік қатынастарды дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Қазақстан нарығына кіргісі келетін черногориялық компанияларды қуана қарсы аламыз. Кәсіпкерлеріңізге қолайлы жағдай жасауға дайынбыз", - деп мәлім етті Президент.
Яков Милатович Қазақстанға сапары екіжақты дипломатиялық байланыс орнағанына 20 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отырғанына мән бере келе, "бұл сапар саяси тұрғыдан екі ел арасындағы сенім деңгейі жоғары екенін байқатады. Оның іскерлік бөлігіне жауапты Экономикалық палата да сапардың мазмұнды өтуіне мүдделі. Сауда палаталары арасында қол қойылатын Өзара түсіністік туралы меморандум тығыз экономикалық ықпалдастыққа тың серпін береді деп санаймын", - деді Черногория Президенті.
Оның айтуынша, Қазақстан визасыз режим қолданылатын елдердің қатарына кіреді.
Біз қазір Еуропа Одағына мүше болу үдерісінің соңғы кезеңіндеміз. 2028 жылы Одақтың толық мүшесі боламыз деп үміттенеміз. Бұл Черногория мен Қазақстан арасындағы серіктестікті нығайтатын тағы бір алаң болмақ", - деді Яков Милатович.
Тараптар өзара сауда көлемін ұлғайту, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру сияқты экономиканың басты секторларындағы ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары екі елдің туризм, жоғары білім және ғылым салаларындағы серіктестігін, мәдени-гуманитарлық байланыстарын ілгерілетуге уағдаласты. Бұл бастамалар халықтарымыздың достығы мен өзара түсіністігін нығайта түседі.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Ұлттық кітапханасы жанынан Абай орталығын ашуға ықпал еткені үшін Яков Милатовичке ризашылығын білдірді.
Бұдан бөлек, президенттер жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович Бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Сапар аясында туризм, БАҚ саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық палаталары арасында байланыс орнатуға бағытталған құжаттарға қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 17:09 71516
Қазақстан Черногория бизнесінің ел нарығында кеңеюін құптайды - Тоқаев
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғасқан келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Черногорияны Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады. Сонымен қатар ел басшылығының Еуропа Одағына мүше болуды көздеген сындарлы әрі дәйекті саясатына жоғары баға берді.
Президент мырза, Сіз реформаларды ілгерілетіп, Еуропа Одағы мүшелігіне үміткер саналатын Черногорияның позициясын нығайтуда маңызды рөл атқарып келесіз. Осы ұлттық стратегиялық мақсатқа жету жолында табыс тілейміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстанның Черногориямен серіктестік қарым-қатынасты жандандыруға ниетті екенін жеткізіп, соңғы жылдары тұрақты сипат алған жоғары деңгейдегі саяси байланыстардың арқасында ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Подгорицада Қазақстан Бас консулдығының ашылуы Астананың екіжақты байланыстарды барынша кеңейтуге бейіл екенін көрсетеді.
Осы орайда Президент елордамызда Черногорияның дипломатиялық миссиясын ашу, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды күшейту жөніндегі қарымта қадамдардың маңызын атап өтті.
Мемлекет басшысы бизнес өкілдерінің бүгінгі кездесуі мен сауда палаталары арасында қол қойылатын Өзара түсіністік туралы меморандум іскерлік қатынастарды дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Қазақстан нарығына кіргісі келетін черногориялық компанияларды қуана қарсы аламыз. Кәсіпкерлеріңізге қолайлы жағдай жасауға дайынбыз", - деді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
21.06.2026, 14:40Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады
19.06.2026, 09:30 122081Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды19.06.2026, 09:58 121416Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды16.06.2026, 09:44 118201ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті16.06.2026, 12:31 117006Қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасады19.06.2026, 14:20 116211Үкіметте ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды
06.06.2026, 12:47 177016Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде05.06.2026, 21:54 171756СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты25.05.2026, 14:54 165916Vietjet Алматыдан Хной мен Прагаға 185 000 теңгеден басталатын бағамен рейстерді іске қосады01.06.2026, 21:07 161986Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Дәстүр HUB" шығармашылық кеңістігі ашылды01.06.2026, 16:33 152551СІМ қазақстандықтарға шетелдегі іс-шараларға қатысу кезінде ұсынымдар берді

