07.09.2022, 17:53 24381
KEGOC электр желілерінде дала өрті салдарынан апат орын алды
Сурет: facebook/АО KEGOC
Достарға айту
2022 жылғы 07 қыркүйекте сағат 15:38-де Қазақстанның Біртұтас энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Оңтүстік аймағын энергиямен жабдықтау жүзеге асырылатын Солтүстік-Оңтүстік транзитінің құрамындағы 500 кВ Ж-5170 Екібастұз-Ағадыр ӘЖ ажыратылды. "KEGOC" АҚ-ның аварияға қарсы автоматикасы штаттық режимде жұмыс істеді, Қазақстан БЭЖ-інің және Орталық Азия біріккен энергия жүйесінің қатарлас жұмысы сақталды", - деп хабарлады компанияда.
Аварияға қарсы автоматика жұмысының әсерінен болатын шектеулердің алдын ала көлемі – 615,9 МВт соның ішінде:
- Алматы облысы - 180 МВт,
- Жетісу облысы - 60 МВт,
- Қарағанды облысы - 182 МВт,
- Ұлытау облысы - 13 МВт,
- Түркістан облысы - 36,4 МВт,
- Жамбыл облысы - 144,5 МВт.
Сағат 15:59-да ӘЖ жұмысқа қосылды, тұтынушыларды энергиямен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді", - деп хабарлады KEGOC.
Ажыратудың себебі даладағы өрттен болған деп алдын-ала болжанып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.06.2026, 10:32 5166
Эболадан көз жұмғандардың саны 200-ге жетіп жығылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Конго Демократиялық Республикасының үш провинциясында Эбола жұқтырғандар саны 808-ге жетті, оның 192-сі көз жұмды, деп хабарлайды Қазинформ DW сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлім етті.
Гуманитарлық ұйымдар Конго Демократиялық Республикасында (КДР) Эболаның жаппай таралуына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды KNA ақпарат агенттігі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2026 жылдың 14 маусымындағы жағдай бойынша Итури, Солтүстік Киву және Оңтүстік Киву провинцияларында 808 жағдай тіркелген, оның 192-сі қайтыс болған. Аурудан болатын өлім-жітім деңгейі 23,8%-ды құрайды.
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Oxfam КДР-ға халықаралық гуманитарлық көмектің айтарлықтай қысқартылғанын хабарлады. 2024 жылы қаржыландыру 2,58 миллиард долларды құраса, 2026 жылы 1,4 миллиард долларға дейін төмендеді. Ұйым бұл гуманитарлық агенттіктерді өз жұмыстарын айтарлықтай қысқартуға мәжбүр еткенін атап өтті.
Сонымен қатар, Welthungerhilfe инфекцияның таралуын тоқтату үшін халықты тестілеуді және байланыстарды бақылауды күшейтуге шақырды.
Бұл айтарлықтай көп қаржыландыруды, қаншама медициналық персоналды және сапалы медициналық жабдықтарды қажет етеді", - деді аймақ директоры Урсула Лангкамп.
Лангкамп сонымен қатар алдын алу шараларын жақсарту үшін зардап шеккен қауымдастықтарға гигиеналық құралдарды тарату керек екенін, оқшаулау палаталары мен орталықтарына азық-түлік тарату пациенттерді қажеттінің бәрімен қамтамасыз ету және оларды аштықтан қорғау үшін де маңызды екендігін мәлім етті.
Айта кетейік, Африкадағы Эбола індеті жаңа жаһандық пандемия алдындағы ескерту болуы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 14:45 11866
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің 11-қабатынан велосипед лақтырып жіберген баланың заңды өкілдері анықталды
Достарға айту
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің 11-қабатынан велосипед лақтырып жіберген баланың заңды өкілдері анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын. Велосипед құлаған сәтте аулада жақын маңнан өтіп бара жатқан баланың болғаны туралы да хабарланды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, дегенмен қайғылы жағдайдың болуы әбден мүмкін еді.
Астана қалалық полиция департаменті тұрғын үйдің 11-қабатынан велосипед лақтыру оқиғасына қатысты түсініктеме берді.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерін анықтады. Оларға кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады ведомстводан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 13:46 12396
СІМ Чикагода жоғалып кеткен қазақстандықтың қаза тапқаны туралы ақпаратты растады
Достарға айту
АҚШ-тың құзырлы органдары бұған дейін табылған адамның жеке басын анықтады. Ол Қазақстан азаматы Әсет Құралбай екендігі белгілі болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына ауыр қайғыларына байланысты шынайы көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және қаза болған азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста", - деп көрсетілген СІМ хабарламасында.
Мекеменің мәліметінше, марқұмның туыстарына құжаттарды рәсімдеу және мәйітті Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша тиісті консулдық көмек көрсетілуде.
Бұған дейін, әлеуметтік желілерде АҚШ-тың Иллинойс штатында тұрған 24 жастағы қазақстандықтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі азаматтың жоғалуына қатысты түсініктеме берген еді.
Еске салсақ, бұған дейін СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев брифинг барысында АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғанын мәлімдеген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 16:46 17156
Италияда қаза тапқан қазақстандыққа СІМ қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Италияда қаза тапқан Қазақстан азаматына қатысты қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетті. Бұл туралы брифинг барысында СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Құзырлы органдардың ақпаратына сәйкес, ол суға батып кеткен. Біздің тараптан қажетті консулдық-құқықтық көмек, оның ішінде құжаттарды рәсімдеу және мәйітті елге жеткізу мәселелерін ұйымдастыру бойынша тиісті шаралар қабылданды», – деді Ерлан Жетібаев.
Бұған дейін, бұқаралық ақпарат құралдарында Италияның Бриатико қаласындағы жағалау маңындағы жартастар арасынан Қазақстаннан барған студенттің өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 15:57 17481
АҚШ-та Қазақстан азаматының мәйіті табылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды. Бұл туралы брифингте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта америкалық тарап қажетті іс-шаралар жүргізіп жатыр", - деді Ерлан Жетібаев.
Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста.
Қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр", - деп атап өтті министрліктің ресми өкілі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 24 жастағы Қазақстан азаматының жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Хабарламаларға сәйкес, ол АҚШ-тың Иллинойс штатында тұрған. Кейін оның жоғалуына қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2026, 16:10 123266
Көлсайда автокөлік жардан құлап кетті
Достарға айту
Алматы облысында автокөлік жардан құлап кетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Көлсай көлінде автотұрақта тұрған автокөлік жардан төмен қарай құлап кетті. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 сәуірінде Көлсайдың таулы аймағында болған.
- Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік құралы тұрақ аймағынан төменге қарай өздігінен домалап кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік иесі полицияға арызданудан бас тартты, ешкімге ешқандай талап-арызы жоқ, - деп хабарлады департаменттен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 21:56 246446
Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өрт: алты адам медициналық көмекке жүгінді
Сурет: ҚР ТЖМ
Достарға айту
Семей қаласындағы Шұғаев көшесінде орналасқан ойын-сауық орталығында болған өрттен кейін алты адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Оқиға орнына жедел жәрдемнің бес бригадасы жіберілді. Дәрігерлерге жүгінгендердің ішінде үшеуі ересек, үшеуі бала.
Екі ересек адам мен бір бала медициналық тексеруден бас тартып, оқиға орнынан өз бетінше кеткен. Олар қаладағы медициналық мекемелерге жүгінбеген.
Бір науқас көмірқышқыл газынан улану диагнозымен нефрология орталығына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Тағы екі бала жеке көлікпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Тексеру нәтижесінде олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне жіберілді.
Қазіргі уақытта бұдан басқа медициналық көмекке жүгінгендер тіркелген жоқ. Медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Ведомство өкілдері әлеуметтік желілерде тараған түрлі ақпаратқа да түсініктеме берді.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын мәліметтер тарап жатыр. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өртті сөндіруге 120 адам мен 21 техника жұмылдырылғаны хабарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 20:50 246676
Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өртті сөндіруге 120 адам мен 21 техника жұмылдырылды
Достарға айту
Төтенше жағдайлар министрлігі Семейдегі Шұғаев көшесіндегі ойын-сауық орталығындағы өртті ауыздықтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өртті толықтай сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Оқиға орнына 120 адам мен 21 техника жұмылдырылды. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде ғимараттың едені опырылып түскен. Сондай-ақ өртті сөндіруге жоғары өрт жүктемесі, қатты түтін және ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері кедергі келтіріп отыр.
Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінде сенім телефоны ашылған: 8 (7222) 35-38-36.
Қазіргі кезде төтенше жағдайды жоюға арналған арнайы өрт сөндіру жедел штабы құрылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.06.2026, 09:55Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды 17.06.2026, 10:07 13421Қазақстан мен Испания белсенді саяси диалогты жалғастыруға өзара мүдделі17.06.2026, 11:12 13161Қазақстанның Мароккодағы елшісі CGEM Төрағасымен екі елдің бизнес қауымдастықтары үшін өзара қызығушылық тудыратын нақты жобаларды талқылады17.06.2026, 12:33 11731Қазақстан мен Түркия екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасын жетілдіру перспективаларын талқылады17.06.2026, 10:08 11466Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетпек
12.06.2026, 20:00 132456Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады12.06.2026, 15:51 131956Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 21:12 131276Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады12.06.2026, 19:31 129286Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді128901Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
22.05.2026, 20:31 251611Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237301Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207736ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 194811Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194786Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

