11.02.2022, 16:56 38121
Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген вайнер Саидбаевқа іздеу жарияланды
Сурет: t.me/abdrakhmanovlive
Достарға айту
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 2-тармағы 3-бөлігінің 217-бабында (Қаржылық "инвестициялық" пирамиданы құру және оған басшылық ету) көзделген қылмысты жасады деген күдік бойынша біз Қырғызстан Республикасының тумасы, 30.09.1986 жылы туған Азимжан Саидбаевты іздестірудеміз. Бұлтартпау шарасы: күзетпен ұстау", - делінген хабарламада.
Полицейлер іздеуде жүрген адам туралы қандай бір мәлімет болса +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.
Бұған дейін танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.06.2026, 09:42 1006
Астана - Қорғалжын тасжолындағы жол апатынан кейін екі көлік өртеніп, бес адам қаза тапты
Сурет: Instagram/716.kz
Достарға айту
21 маусым күні Астана – Қорғалжын автожолында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына үш көлік – Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser түскен.
Соқтығысудан кейін екі Toyota автокөлігі өртеніп кеткен. Жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Тағы бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Бұған дейін, Арыс қаласында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2026, 13:48 15136
Ақтөбеде жанармай құю бекетінде автокөлік өртеніп, үш адам қаза тапты
Достарға айту
Ақтөбеде автогаз құю станциясының аумағында автокөліктің өртенуі салдарынан үш адам, оның ішінде екі бала қаза тапты. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
19 маусым күні сағат 22:55-те «112» қызметіне автогаз құю станциясындағы көліктің өртенгені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына құтқарушылар жоғары шақырту деңгейі бойынша жіберілді.
Өрт сағат 23:03-те толық сөндірілді. Көліктің ішінен өртті сөндіру барысында қаза тапқан үш адамның денесі табылды, олардың екеуі - кәмелетке толмаған балалар. Бір жәбірленуші медициналық мекемеге жатқызылды", - деп хабарлады ТЖД.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орын алған оқиға бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 11:12 32876
Алматы облысында ондаған адам сушиден уланып қалды
Сурет: unsplash.com
Достарға айту
Боралдайда фастфудтан уланған 65 адам жедел жәрдем шақыртқан Алматы облысында фастфуд жеген тұрғындар жаппай уланып ауруханаға түсті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Олар дәмханадан суши мен пицца алдырған. Қызуы көтеріліп, жүрегі айныған 65 адам, көп ұзамай, жедел жәрдем шақыртады. Қазір жартысынан астамы ауруханада жатыр. Ал осы оқиғадан кейін дәмхана уақытша жұмысын тоқтатқан, деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 10:32 42011
Эболадан көз жұмғандардың саны 200-ге жетіп жығылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Конго Демократиялық Республикасының үш провинциясында Эбола жұқтырғандар саны 808-ге жетті, оның 192-сі көз жұмды, деп хабарлайды Қазинформ DW сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлім етті.
Гуманитарлық ұйымдар Конго Демократиялық Республикасында (КДР) Эболаның жаппай таралуына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды KNA ақпарат агенттігі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2026 жылдың 14 маусымындағы жағдай бойынша Итури, Солтүстік Киву және Оңтүстік Киву провинцияларында 808 жағдай тіркелген, оның 192-сі қайтыс болған. Аурудан болатын өлім-жітім деңгейі 23,8%-ды құрайды.
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Oxfam КДР-ға халықаралық гуманитарлық көмектің айтарлықтай қысқартылғанын хабарлады. 2024 жылы қаржыландыру 2,58 миллиард долларды құраса, 2026 жылы 1,4 миллиард долларға дейін төмендеді. Ұйым бұл гуманитарлық агенттіктерді өз жұмыстарын айтарлықтай қысқартуға мәжбүр еткенін атап өтті.
Сонымен қатар, Welthungerhilfe инфекцияның таралуын тоқтату үшін халықты тестілеуді және байланыстарды бақылауды күшейтуге шақырды.
Бұл айтарлықтай көп қаржыландыруды, қаншама медициналық персоналды және сапалы медициналық жабдықтарды қажет етеді", - деді аймақ директоры Урсула Лангкамп.
Лангкамп сонымен қатар алдын алу шараларын жақсарту үшін зардап шеккен қауымдастықтарға гигиеналық құралдарды тарату керек екенін, оқшаулау палаталары мен орталықтарына азық-түлік тарату пациенттерді қажеттінің бәрімен қамтамасыз ету және оларды аштықтан қорғау үшін де маңызды екендігін мәлім етті.
Айта кетейік, Африкадағы Эбола індеті жаңа жаһандық пандемия алдындағы ескерту болуы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 14:45 48711
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің 11-қабатынан велосипед лақтырып жіберген баланың заңды өкілдері анықталды
Достарға айту
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің 11-қабатынан велосипед лақтырып жіберген баланың заңды өкілдері анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын. Велосипед құлаған сәтте аулада жақын маңнан өтіп бара жатқан баланың болғаны туралы да хабарланды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, дегенмен қайғылы жағдайдың болуы әбден мүмкін еді.
Астана қалалық полиция департаменті тұрғын үйдің 11-қабатынан велосипед лақтыру оқиғасына қатысты түсініктеме берді.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерін анықтады. Оларға кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады ведомстводан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 13:46 49241
СІМ Чикагода жоғалып кеткен қазақстандықтың қаза тапқаны туралы ақпаратты растады
Достарға айту
АҚШ-тың құзырлы органдары бұған дейін табылған адамның жеке басын анықтады. Ол Қазақстан азаматы Әсет Құралбай екендігі белгілі болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына ауыр қайғыларына байланысты шынайы көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және қаза болған азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста", - деп көрсетілген СІМ хабарламасында.
Мекеменің мәліметінше, марқұмның туыстарына құжаттарды рәсімдеу және мәйітті Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша тиісті консулдық көмек көрсетілуде.
Бұған дейін, әлеуметтік желілерде АҚШ-тың Иллинойс штатында тұрған 24 жастағы қазақстандықтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі азаматтың жоғалуына қатысты түсініктеме берген еді.
Еске салсақ, бұған дейін СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев брифинг барысында АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғанын мәлімдеген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 16:46 54001
Италияда қаза тапқан қазақстандыққа СІМ қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Италияда қаза тапқан Қазақстан азаматына қатысты қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетті. Бұл туралы брифинг барысында СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Құзырлы органдардың ақпаратына сәйкес, ол суға батып кеткен. Біздің тараптан қажетті консулдық-құқықтық көмек, оның ішінде құжаттарды рәсімдеу және мәйітті елге жеткізу мәселелерін ұйымдастыру бойынша тиісті шаралар қабылданды», – деді Ерлан Жетібаев.
Бұған дейін, бұқаралық ақпарат құралдарында Италияның Бриатико қаласындағы жағалау маңындағы жартастар арасынан Қазақстаннан барған студенттің өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 15:57 54326
АҚШ-та Қазақстан азаматының мәйіті табылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды. Бұл туралы брифингте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта америкалық тарап қажетті іс-шаралар жүргізіп жатыр", - деді Ерлан Жетібаев.
Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста.
Қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр", - деп атап өтті министрліктің ресми өкілі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 24 жастағы Қазақстан азаматының жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Хабарламаларға сәйкес, ол АҚШ-тың Иллинойс штатында тұрған. Кейін оның жоғалуына қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.06.2026, 09:42Астана - Қорғалжын тасжолындағы жол апатынан кейін екі көлік өртеніп, бес адам қаза тапты 22.06.2026, 10:06 826Ақмола облысында жалпы құны 221 млн теңгені құрайтын вейптерді заңсыз сату арнасы жойылды22.06.2026, 11:20 646Halyk және Alatau City Bank Алатау қаласын дамыту бойынша серіктесіп жұмыс істейін болады22.06.2026, 11:52 356Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 582 млн доллардан асып жығылды22.06.2026, 12:17 26Елімізде 180 млрд теңгеге жол бойындағы сервис стансалары салынады
19.06.2026, 09:30 127926Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды19.06.2026, 09:58 127276Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды19.06.2026, 14:20 122071Үкіметте ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды19.06.2026, 14:26 1217762025 жылы 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді16.06.2026, 09:44 120601ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
06.06.2026, 12:47 177051Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде05.06.2026, 21:54 171786СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты25.05.2026, 14:54 165946Vietjet Алматыдан Хной мен Прагаға 185 000 теңгеден басталатын бағамен рейстерді іске қосады01.06.2026, 21:07 162021Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Дәстүр HUB" шығармашылық кеңістігі ашылды01.06.2026, 16:33 152586СІМ қазақстандықтарға шетелдегі іс-шараларға қатысу кезінде ұсынымдар берді

