18.07.2022, 16:52 15216
Қазақстаннан Уфаға жаңа рейстер ашылады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Халықаралық қатынастарды одан әрі қалпына келтіру және рейстерді ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ресей Федерациясының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Алматы – Уфа жаңа бағытын ашу мәселесін пысықтады.
Осылайша, ресейлік "Red Wings" әуе компаниясы ағымдағы жылдың 4 тамызынан бастап Алматы – Уфа бағыты бойынша аптасына 1 рейс жиілігімен бейсенбі күні, сондай-ақ ағымдағы жылдың 4 тамызынан бастап Нұр–Сұлтан - Уфа бағыты бойынша аптасына 1 рейс жиілігімен бейсенбі күні тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр", - деп хабарлады ҚР ААК.
Рейстер SU-95 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.
Қазақстан мен Ресей арасында жаңа рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өткен жөн. Билеттер әуекомпанияның ресми сайтында қолжетімді", - деп атап өтті ведомствода.
Бұған дейін хабарланғандай, ресейлік "Азимут" әуе компаниясы Нұр-Сұлтан - Уфа бағытында әуе рейстерін іске қосады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.06.2026, 15:02 10581
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда көлемі 4,8 млрд АҚШ долларына жетті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда көлемі 16,2%-ға артып, $4,8 млрд-қа жетті. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновтің Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Биылғы қаңтар-сәуір айларында екіжақты тауар айналымы $1,9 млрд-ты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 42,1%-ға артық", деп мәлім етті баспасөз қызметінен.
Кездесуде сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, өнеркәсіп кооперациясын кеңейту, көлік-логистика саласындағы өзара ықпалдастықты нығайту, сондай-ақ энергетика, су ресурстары және туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.
Форумда сөз сөйлеген Олжас Бектенов Қазақстан Орталық Азияның экономикалық әлеуетін ашу мақсатында өңір елдері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуді қолдайтынын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 10:08 16791
Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетпек
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан мен Иран көлік, логистика және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Иранның жолдар және қала құрылысы министрі Фарзан Садекпен кездесуі барысында тиісті уағдаластықтарға қол жеткізілді,
деп хабарлайды Үкіметтің баспасыз қызметінен.
Тараптар «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамытуды, порт инфрақұрылымын кеңейтуді талқылады.
Серік Жұманғариннің айтуынша, Иран Қазақстанның аймақтағы маңызды сауда-экономикалық әріптесінің бірі. 2025 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 26,4%-ға артып, $430,2 млн-ға жеткен. Бұл одан арғы дамуды, оның ішінде Өзара сауданы $3 млрд-қа жеткізу жөніндегі жол картасы шеңберіндегі және Иран мен ЕАЭО арасында қол қойылған Еркін сауда туралы келісімнің арқасындағы жоғары әлеуетті көрсетеді.
Тараптар «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамытуға ерекше назар аударды. Қазақстан мен Иран «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» бағытының қиылысында орналасуымен бірегей географиялық жағдайға ие болып отыр. Бұл транзиттік тасымалдың өсуі үшін едәуір әлеует.
2025 жылы «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі бойынша тасымалдау көлемі 12%-ға артып, 3,5 млн тоннаға жетті. Екі ел арасындағы теміржол тасымалы 69%-ға өскен.
Серік Жұманғарин маршрут әлеуетін одан әрі арттыру үшін Көлік инфрақұрылымын жаңғыртудың бірлескен жол картасын әзірлеуді ұсынды. Кешенді шараны іске асыру дәліздің өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік бермек.
Тараптар сондай-ақ Қытай, Қазақстан, Түркіменстан, Иран мен Түркия арасында қол қойылған бесжақты теміржол келісімінің, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Түркіменстан мен Иран арасында алдағы уақытта сауда мен транзиттің өсуіне қосымша жағдай туғызатын төртжақты тарифтік келісімге қол қоюдың маңыздылығын атап өтті.
Келіссөздердің негізгі тақырыбының бірі порт инфрақұрылымын дамыту болды. Иран тарапы Шахид Раджаи (Бендер-Аббас) портында Қазақстанға жер телімін бөлу мәселесін келісу аяқталғанын хабарлады. Қажетті рәсімнен кейін аумақ Қазақстан тарапына беріледі.
Сонымен қатар Иран Қазақстанға Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына тікелей шығуды қамтамасыз ететін Чабахар портында жұмыс істеу үшін мүмкіндік беруге дайын екенін хабарлады. Фарзане Садектің айтуынша, Захедан-Чабахар теміржол желісі құрылысының 90%-дан астамы аяқталған. Нысанды іске қосу алдағы айларға жоспарланып отыр. Желі іске қосылғаннан кейін Чабахар порты Үнді мұхитын, Орталық Азия мен Еуропаны байланыстыратын халықаралық теміржол желісіне біріктіріледі.
Бұған жауап ретінде Қазақстан Иран тарапына Каспийдегі ирандық компаниялардың логистикалық қызметін дамыту үшін Ақтау мен Құрық порттарындағы алаңдарды, айлақтар мен терминалдарды ұсыну мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысында тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықты іске асыруды тездетіп, инвестор тарту жұмысын жедел үйлестіруді қамтамасыз ету мен көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуды жандандыру ниетін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 20:53 25731
Елімізде 1 шілдеден бастап электр қуатының тарифі өзгеруі мүмкін
Достарға айту
Қазақстанның Энергетика министрлігі "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Құжатта елдегі тұрақты электр қуатымен жабдықтауды қамтамасыз ету және электр энергиясын өндіретін қуат көздерін кезең-кезеңімен жаңғырту мақсатында 60 қуат өндіруші ұйым үшін шекті тарифтер қайта қаралғаны айтылған.
Шешім жөндеу жұмыстарын дер кезінде жүргізуге, сондай-ақ жабдықтарды жаңарту мен олардың сенімділігін сақтауға бағытталған ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті қаржылық жағдай жасақтауға бағытталған", - деп көрсетілген бұйрықта.
Энергия өндіруші ұйымдар үшін түзетілген тарифтерді қолданысқа енгізу мерзімі - 2026 жылдың 1 шілдесі.
Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады.
Бұған дейін Қазақстанда электр энергиясын тұтыну көлемі шамамен 125 млрд кВт сағатқа дейін өскені хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 20:40 25996
Қазақстан мен Марокко арасындағы саудасы 460 миллион доллардан асты
Достарға айту
2021 жылы Қазақстанның Мароккода Елшілігі ашылған сәттен бастап екіжақты сауда көлемі 68%-ға өсіп, өткен жылдың қорытындысы бойынша 460 млн АҚШ долларынан асты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Мароккодағы Елшісі Саулекүл Сайлауқызы Касабланка қаласында ұйымның штаб-пәтерінде өткен Азия-Тынық мұхиты өңірі мемлекеттері елшілерінің Марокконың Бас кәсіпорындар конфедерациясының (CGEM) Төрағасы Мехди Тазимен кездесу барысында экономикалық байланыстың өсу мәселесін талқылады.
Азия-Тынық мұхиты өңірі елдері елшілер тобының дуайені ретінде сөз сөйлеген С.Сайлауқызы Азия мемлекеттері мен Марокко арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың елеулі әлеуетін атап өтіп, өзара сауда, инвестициялар және іскерлік байланыстарды арттыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді неғұрлым белсенді пайдаланудың қажеттігін айтты.
Қазақстан-Марокко Іскерлік кеңесінің құрылуына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, кездесу барысында екіжақты іскерлік кеңестерді құруды саяси диалогты бірлескен жобаларды іске асырудың практикалық деңгейіне көшірудің тиімді тетігі талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 18:27 27241
Қазақстанның теміржол машина жасаудағы өндірісі айтарлықтай өсті
Достарға айту
Теміржол машина жасау секторының үлесі 13%-ды құрады, деп мәлім етті Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев үкімет отырысындағы баяндамасында.
Салада 60 кәсіпорын жұмыс істейді, онда 8 мыңнан астам адам еңбек етуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 22,5%-ға өсіп, 734 млрд теңгеге жетті.
Отандық машина жасау саласының басым бағыттарының бірі - теміржол машина жасау секторы. Бүгінде сектордың машина жасаудағы үлесі 13%-ды құрап отыр. Салада 60 кәсіпорын жұмыс істейді, онда 8 мыңнан астам адам еңбек етуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 22,5%-ға өсіп, 734 млрд теңгеге жетті. Жалпы соңғы бес жылда вагон паркін жаңартуға бағытталған бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде салада инвестицияның өсуі байқалады. Соның нәтижесінде Wabtec, Alstom және Stadler секілді жетекші әлемдік компаниялар Қазақстанда өз өндірістерін орналастыруда. Өнімнің жекелеген түрлері бойынша локализация деңгейі 35-40%-ға жетті", - деп атап өтті министр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің сөзінше локализацияны одан әрі дамыту отандық компаниялармен кооперацияны кеңейтіп, жаңа қосалқы бөлшектерді игеру және бірлескен өндіріс құру арқылы жалғасуда.
Жалпы осы жылғы 5 салада вагондардың барлық түрлері бойынша оң динамика байқалуда. Өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда кемінде 9%-ға, ал жекелеген өнім түрлері бойынша 1,7 есеге өсті. Жалғыз локомотив өндірісінде 17,5%-ға төмендеу байқалады. Алайда жыл қорытындысы бойынша салада өткен жылдың деңгейі сақталып, басқа өнім түрлерін өндіру есебінен өсім күтілуде. Саладағы өсімге соңғы жылдары жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобалар елеулі үлес қосты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 17:55 27831
ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының темір жол тасымалына 70 пайыздық жеңілдік берді
Достарға айту
Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ әлеуметтік жауапты тариф қалыптастыру саясаты шеңберінде республикаішілік қатынаста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, сондай-ақ ұн тарту және нан пісіру кәсіпорындарына бидайды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісі мен тасымалдаушының қызметтері тарифтеріне 0,3 төмендету коэффициентін (70% жеңілдік) беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
Бұл шара әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 30 астам атауына қолданылады және отандық азық-түлік өндірушілердің көлік шығындарын азайтуға, сондай-ақ ішкі нарықта азық-түлік бағасының өсуін тежеуге бағытталған.
Жүк жөнелтушілердің теміржол тасымалына жұмсайтын шығыстары орта есеппен 40% қысқарады деп күтілуде, бұл баға тұрақтылығын қамтамасыз етудің және отандық тауар өндірушілер үшін теміржол тасымалының қолжетімділігін арттырудың қосымша құралы болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 12:58 29766
Бейбіт мақсаттағы атом: Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықты кеңейтуде
Достарға айту
Қазақстан мен Қытай атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
2026 жылдың 16 маусымында Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік энергетика істері басқармасының басшысы Ван Хунчжи мырзаның Қазақстан Республикасына сапары аясында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік энергетика істері басқармасының басшысы Ван Хунчжи мырзаның тең төрағалығымен азаматтық ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан–Қытай бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.
Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, осы бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілділіктерін растады.
Серіктестікті одан әрі тереңдетуге бағытталған үйлестіруді күшейту мен практикалық өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар көрініс тапқан және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың алдағы бағыттары айқындалған хаттамаға қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 12:22 30241
Қазақстан жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды
Достарға айту
Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары Firebird және NVIDIA жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасыз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов NVIDIA вице-президенті Рев Лебаредянмен және Firebird негізін қалаушылар: бас директоры Размик Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесу өткізді. Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джули Стаффт қатысты.
Америкалық Firebird компаниясы жасанды интеллект инфрақұрылымын құруға, деректер орталықтарын дамытуға және жоғары өнімді есептеу жүйелерін әзірлеуге маманданған. Компания әлемнің түрлі өңірлерінде жобаларды жүзеге асырып, жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер және цифрлық инфрақұрылым саласындағы әлемдік көшбасшы NVIDIA сияқты жетекші технологиялық серіктестермен ынтымақтастық орнатқан. Компанияның шешімдері әлемдегі жетекші суперкомпьютерлер мен деректерді өңдеу орталықтарының басым бөлігінде қолданылады, сондай-ақ қазіргі заманғы генеративті жасанды интеллект модельдерінің елеулі бөлігінің негізін құрайды.
Кездесу барысында ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Олардың қатарында жоғары өнімді есептеу қуаттарын құру, заманауи деректерді өңдеу орталықтарын орналастыру және халықаралық технологиялық серіктестерді тарту мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша жасанды интеллект және цифрлық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық туралы жалпы көлемі $ 10 млрд-ты құрайтын келісімдерге қол қойылды:
- Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Firebird компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім. Бұл құжат жасанды интеллект экожүйесін дамыту, сондай-ақ Alem.ai базасында Firebird Labs Kazakhstan орталығын құру жөніндегі негіздемелік келісімдерді бекітеді;
- "КТ-ТЕЛЕКОМ" ЖШС мен Firebird Binding Term Sheet арасындағы ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы келісім, "ДӨО алқабы" жобасы аясында бірлескен жұмыстың техникалық және ұйымдастырушылық параметрлерін айқындайды.
Қол жеткізілген келісімдер "Деректерді өңдеу орталықтары алқабы" жобасын одан әрі жүзеге асыруға негіз қалайды. Жоба жасанды интеллектіні енгізуге, бұлтты технологияларға және жаңа буын цифрлық сервистеріне арналған заманауи технологиялық базаны құруды көздейді. Қол қойылған келісімдер жаһандық технологиялық компаниялардың Қазақстанға жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту үшін болашағы зор алаң ретінде қызығушылығының артып отырғанын көрсетеді және елдің Орталық Еуразиядағы қалыптасып келе жатқан цифрлық хаб ретіндегі позициясын нығайтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.06.2026, 09:55Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды 17.06.2026, 10:07 18156Қазақстан мен Испания белсенді саяси диалогты жалғастыруға өзара мүдделі17.06.2026, 11:12 17896Қазақстанның Мароккодағы елшісі CGEM Төрағасымен екі елдің бизнес қауымдастықтары үшін өзара қызығушылық тудыратын нақты жобаларды талқылады17.06.2026, 10:08 17681Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетпек17.06.2026, 13:09 16996Үкімет тұрғын үй құрылысының сапасын талқылады
12.06.2026, 20:00 132506Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады12.06.2026, 15:51 132006Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 21:12 131321Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады12.06.2026, 19:31 129331Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді128946Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
22.05.2026, 20:31 251651Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237356Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207786ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 194856Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194836Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

